Сұхбат... Хабарың болсын!
Хабарың болсын, Аллаһу та’ала барлық нәрседен бұрын ақылды жаратты. Және оған, ілім, зейін, ықылас, дұрыс болу, жомарттық, тәуекел, қорқыныш, үміт мінездерін берген. Міне осындай ақылмен мәртебеленгендер жаратылу мақсатын, яғни Аллаһу та’аланың ұлылығымен бірлігін растау арқылы Оның ризалығына қауышады. Назиат сүресінің қырығыншы аятында былай делінген: «Аллаһу та’аланың алдында қорқып, нәпсінің қалауларын тежеген адамдардың баратын жері – Жұмақ.»
Аллаһу та’ала ақылдан кейін, нәпсіні жаратқан. Бұған, надандық, шәһуәт, ашкөздік, өтірік, қанағатсыздық, ашу, зұлым, ластық, іріткі салу және ширк сияқты төмен дәрежелі сезімдерді берген.
Бұдан бұрынғы екі аятта «Кімде кім менің әміріме мойынсұнбай, нәпсіне ерсе, баратын жері – тозақ» және «Зұлымдық жасап, тек дүние өмірін таңдаған адамның баратын жері – тозақ.» делінген. Олай болса, адамдар ақылын қолданып, ойланып әрекет етуі керек. Егер ойланбай әрекет ететін болса, нәпсіне ерген болып, соңында баратын мәңгілік жері тозақ болады. Ақылды қолға алып, нәпсі мен шәһуәтті тастау керек. Себебі, нәпіс пен шәһуәт адамдардың ең үлкен дұшпаны. Ақылын істетіп, дұрыс ойлағандар Аллаһу та’алаға иман келтіреді. Ақылын қолданбай нәпсіне ергендер, барлық уақытта адасады және Аллаһу та’алаға баратын жолды ешқашан таба алмайды.
Ақылы болып ойланбайтын және көзі болып хақ’ты (дұрысты) көрмейтіндер, құлағы болып ақиқатты естімейтіндер туралы Араф сүресінің жүз жетпіс тоғызыншы аятында «Олар төрт аяқты хайуандар сияқты, тіпті хайуандардан да жаман.» делінген. Мұсылманның баласы бола тұра, нәпсінің қалауына ергендер де осы сияқты. Олардың тек аты ғана мұсылман.