Untitled Document

Сұхбат... Барлық нәрсені жаратқан Аллаһу та’ала

Барлық нәрсені жаратқан, тәрбие еткен, жетілдірген, барлық жақсылықтарды жасататын, жіберетін Аллаһу та’ала. Күш-қуат және құдірет иесі тек қана Ол. Егер Ол естеріне салмаса, күш-қуат пен қолайлылық бермесе, ешкім ешкімге түйірдей де жақсылық пен жамандық жасай алмайды. Құлдың қалаған әрбір нәрсесін Аллаһу та’ала да қаласа жаратады. Тек Аллаһу та’аланың қалағаны болады. Жақсылық және жамандық етуді түрлі себептермен еске салуда. Мейірім еткен құлдары жамандық етуді қалағанында, Ол қаламай жаратпайды. Жақсылық жасауды қалағанында Ол да қалап жаратады. Мұндай құлдардан үнемі жақсылық көрініс табады. Ашуы түскен дұшпандарының жаман қалауларын Ол да қалап жаратады. Бұл жаман құлдар жақсылық етуді қаламағандықтан бұлардан үнемі жамандық көрініс табады. Демек адамдар құрал, жазушының қолындағы қалам іспеттес. Сондай-ақ өздеріне иһсан (мейірім) етіп берілген ирадаи жузиә (қалау еркіндігін) қолданып жақсылықты қалаған сауап, жамандықты қалаған күнә жияды. Аллаһу та’ала адамдардың ерікті істерін олардың қалауымен жаратылуын әзелде (шексіз ертеде) қалаған. Істердің адам қалауымен жаратылуы, әзелдегі илаһи қалаумен жаратылуы деген сөз.      

 

Жанұя...Бала тәрбиесі

¨ Баланың кейбір қателіктерді жасауы қалыпты нәрсе. Дереу оны жазаландыруға асықпай, кешірімді болу керек.

¨ “Сен адам болмайсың”, “жалқаусың” деген секілді жазғырулар баланың өзіне деген сенімділігін азайтады және өзекті мәселелердің алдында шешім қабылдай алмауына себепші болады.

¨ Балалар үлкендерге өте қатты еліктейді. Сол үшін үнемі оларға жақсы үлгі болу керек.

¨ “Бар, ана жаққа!”, “Бар, далаға ойна!”, “Мазамды алма!” деген секілді тек сол мезеттегі жеке бастың тыныштығы ойланылса, бұл құтылыс жолы емес. Өйткені сол нәрсе ертең де, оның арғы күні де қайталанады. Балаға өткіншіл емес, тұрақты сақталып қалатын жақсы тәрбие беру керек.