Untitled Document

Сұхбат... Пайғамбарлардан кейінгі адамдардың ең үстемдері

 

Мұхаммед алйһиссаламның үмбетіндегі әулиелердің арасында Расулуллаһтың халифасы болу ақысына ие болған және халифалыққа басқалардан лайықтырақ болған, имамдардың, әулиелердің бас тәжі – «Әбу Бәкір Сыддық» (радиаллаһу анһ) пайғамбарлардан кейін келген және келетін бүкіл адамзаттың ең қайырлысы, ең үстемі болып табылады. Халифалық дәрежесі, құрметі ақысына ең алғаш ие болған Ол. Мұсылмандық пайда болуға дейін де Аллаһу та’аланың мейірімі және ихсанымен Ол пұттарға табынбады. Кәпірлік пен адасушылық айыптарынан қорғалды. [Расулуллаһты пайғамбарлық келместен бұрын пұтқа табынған деп санаған және осылай жазған адамдардың қаншалықты надан және сауатсыз екендігін осы жерден де түсінуге болады.]

Одан кейін адамдардың ең үстемі, Фаруқ-и ағзам, Аллаһу та’аланың өз сүйіктісіне дос етіп таңдаған екінші халифасы – «Омар бин Хаттаб» (радиаллаһу анһ).

Одан кейін адамдардың ең үстемі, Расулуллаһтың үшінші халифасы, жақсылықтардың, ихсандардың қазынасы, ұят, иман, ирфан (білім) қайнары, Зиннурәйн – «Осман бин Аффан» (радиаллаһу анһ).

Одан кейін адамдардың ең қайырлысы, Расулуллаһтың төртінші халифасы, таңқаларлық үстемдіктер иесі, Аллаһу таһаланың арыстаны – «Әли бин Әбу Талиб» (радиаллаһу анһ).

Одан кейін «Хазреті Хасан» халифа болды. Хадис шәрифте білдірілген отыз жылдық халифалық онымен аяқталды. Одан кейін адамдардың ең үстемі, Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) екі көзінің нұры – «Хусейн бин Әли» (радиаллаһу анһ).

Олардан кейін Асхаби кирамның ең үстемдері – «Ашәрә-и мубәшшәра», яғни жәннатпен сүйіншіленген он кісі. Олардан кейін Бәдір соғысына қатысқан үш жүз он үш адам үстем. Олардан кейін Ухуд соғысына қатысқан 700 арыстанның арасында болғандардың бәрі. Ал олардан кейін «Биат-ур-ридуан», яғни ағаш астында Расулуллаһқа ант берген бір мың төрт жүз адам үстем.