Тарих... Нұреддин Зәнгидің түсі
ХІІ ғасырда крестік жорықтарының ең ауыр жылдарында Сириядағы түрік мемлекетінің сұлтаны Нұреддин Махмуд бин Зәнги 1162 ж бір түс көреді. Пайғамбарымыз түсінде үш адамды сұлтанға көрсетіп: «Нұреддин, мына адамдардан мені құтқар!» дейді. Төсегінен атып тұрған сұлтан «Бұл шынайы түс. Расулуллаһ алейһиссаламға қауіп төніп тұрған болса керек» деп ойлап, таңның атуын күтпестен қасына сенімді адамдарынан 20 адам алып дереу жолға шығады. Өте жылдам түрде жүріп отырып 16 күнде Мәдинаи Мунаууараға жетеді. Халық сұлтанның кенеттен келуіне бір жағы қуанып, бір жағынан таң қалады. Ертеңіне жас-кәрі, әйел, еркек және бала-шаға бүкіл қала тұрғындарының алдынан өтуін және халқына өз қолымен сыйлық тарататынын жариялайды. Барлық адамдар келіп алдынан өтеді. Сұлтан бұл өткен адамдардың ішінен түсінде өзіне көрсетілген адамдарды таба алмайды. Қаланың әкімінен «Бұл жерге келмеген адам қалды ма?» деп сұрайды. Ол Сүйікті пайғамбарымыздың қабіріне жақын жердегі бір үйде тұрып жатқан үш батыстық адамдардың келмегенін айтады. Сұлтан тез арада сол үш адамды алып келуін бұйырады. Түсінде көрсетілген үш адамның осылар екенін көреді. Бұларды қамауға алдырып, сұлтан адамдарымен бірге бұлардың тұрып жатқан үйіне келеді. Үйге келгендерінде үй ішінен үлкен жер асты жолы қазылғанын және бұл жолдың ұшы Раудаи Мутаххараға өте жақын қалғанын байқайды. Батыстықтарды тергеп, сұраққа алады. Бұлардың сүннетсіз және поп екендіктері анықталады. Бұларды сұраққа алған кезде «Біз христианбыз, жер астынан пайғамбардың қабіріне кіріп денесін ұрлап Еуропаға әкетпекші болдық» дейді. Бұл қиянатшылар жазаға тартылады.
Сұлтан Нұреддин Зәнги бұдан кейін де осы сияқты залымдар зиян келтіріп жүрмесін деп Раудаи Мутаххараның айналасына су шыққанға дейін тереңдетіп ор қаздырады. Бұл ордың ені де өте кең болатын. Оның ішіне қалайы ерітіп төктіріп қалың темір дуал кейпінде қорған салынады. Осылайша Раудаи Мутаххараның қауіпсіздігі бекемделді.