Ғұлама... Сәйид Әмир Күлал
Сәйид Әмир Күлал хазреттері Силсиләи алийә деп аталатын ғұламалар шежіресінің он төртінші алқасы. Хазреті Хусейннің ұрпағынан болып табылады. Хазреті Мұхаммед Баба Саммасидің шәкірті және Бахауддин Бұхари хазреттерінің ұстазы. Өте жомарт болғандығынан Гилал немесе Күлал деген атпен танымал болған. Хазреті Әмир Күлалдың өлім аузында шәкірттеріне айтқан өсиеті: Құрметті шәкірттерім! Ілім үйренуден және Мұхаммед алейһиссаламның жолына мойынсұнудан мүлде тайынбаңдар! Мүминнің бүкіл бақыттары мен ниғметтерінің себебі осы. Сондықтан Расулуллаһ саллаллаһу алейһи уәсаллам: «Ілім үйрену әрбір мұсылман еркек пен әйелге парыз» деген. Яғни әрбір мұсылман еркек пен әйелдің өзіне қажетті діни және дүниелік ғылымдарды үйренуі парыз. Бұлар реті бойынша мына ғылымдар:
- Иман (ақида) ілімдері
- Намазға қатысты ілімдер
- Оразаға қатысты ілімдер
- Бай болса зекетке байланысты ілімдер
- Бай болса қажылыққа байланысты ілімдер
- Ата-ана ақыларын үйрену. Аллаһу та’аланың разылығын қалайтын адам, анасы мен әкесінің разылығын алады. Пайғамбарымыз: «Аллаһу та’аланың разылығы ата-ананың разылығын алу арқылы жүзеге асады.» деген.
- Сылаи рахим (Туыстармен араласу, қонаққа бару, қамқор болу)
- Көрші ақысын үйрену
- Қажетті сауда-сатық ілімдерін үйрену.
- Халалдармен харамдарды үйрену қажет. Өйткені адамдардың көбісі білмегендіктен немесе білгенімен амал етпегендіктен опат болған.