Untitled Document

Ғибрат... Астың берекесі

Әнәс бин Малик радиаллаһу анһтың айтып бергені: 

Анам бір жерден ұн тауып, көршіден аздаған сүт алып бұларды қосып, пісіріп: «Балам мешітке барып әкеңді шақыр, тамақ жейміз» деді. Меіштке жүгіріп бардым. Расулуллаһты көргенде қобалжығаннан аңдамай: «Анам сіздерді тамаққа шақырып жатыр» деп айттым. Расулуллаһ сахабаларға қарап: «Тұрыңдар, Үммү Сүләймнің үйіне тамаққа барамыз» деді. Мешіттегі бүкіл жамағат орнынан тұрды. Әлемнің мырзасы, сүйікті пайғамбарымыз алда, біз артынан еріп үйге келдік. Пайғамбарымыз әкемнен: «Қандай тамақ жейміз?» деп сұрады. Әкем «Білмеймін, Йа Расулаллаһ» деп жауап берді. Пайғамбарымыз алейһиссалам. «Әйелің бізді тамаққа шақырмады ма?!» дегенінде, әкем рұқсат сұрап ішке кірді. Анаммен сөйлесіп келді де: «Әйелім аздаған ұн мен сүт тауып қосып пісірген екен» деді. Пайғамбарымыз әкем екеумізге қарап: «Жарайды, сол пісірілген тағамды алып келіңдер» деді. Біз дереу алып келдік. Мүбәрәк қолдарын жүрегіне қойып, бұл тағамның берекесі үшін дұға етті. Келгендер жетпіс адам болатын. Тағам мүлде азаймады. Пайғамбарымыз ол тағамды маған беріп: «Мұны анаңа апарып бер, басқаларға да таратсын» деді.  

Кешегі жауап: 17 минутта өте алады.

¨ 1 мен 2 минутта өтетіндер қарсы бетке өтеді. (2 минут)

¨ 1 минутта өтетіні шамды алып қайта артқа өтеді. (1 минут)

¨ 5 пен 10 минутта жүретіндер өтеді. (10 минут)

¨ 2 минутта өтетін кісі шамды алып артқа өтеді. (2 минут)

¨ 1 және 2 минутта өтетіндер қарсы бетке өтеді. (2 минут)

(Барлығы 17 минут)