Untitled Document

Сұхбат... Напақа табу

Кез келген кәсіп, өнер, шаруашылық және саудагерлік, айлыққа мубах болған кез келген жұмыс түрін істеу, мәселен мал бағу, бағбандық ету, құрылыс жұмыстарын істеу, жүк тасу тәзәллул (төмендік) емес. Пайғамбарлар, әулиелер де бұл жұмыстарды істеген. 

Өзінің және бала-шағасының напақасын қамтамасыз ету үшін еңбек ету парыз болып табылады. Идрис алейһиссалам тігіншілікпен, Дауд алейһиссалам теміршілікпен, Ибраһим алейһиссалам егіншілік және мата саудасымен айналысатын. Алғаш мата тоқыған Адам алейһиссалам еді. Иса алейһиссалам аяқ киім шебері, Нұх алейһиссалам ағаш шебері болатын, Салих алейһиссалам сөмке тоқитын. Пайғамбарлардың көпшілігі мал баққан. Хадис шәрифте: «Үйінің қажеттіліктерін әкелу кібірсіздіктің (тәкаппар болмаудың) белгісі» делінген. Расулуллаһ алейһиссалам сатып алған және сатқан. Сатып алған кездері көп болған. Ақыға жұмыс істеген және істеткен. Ортақтаса кәсіпкерлік те құрған. Басқаға уәкіл болған өзіне де уәкіл еткен. Сыйлық берген және алған. Қарыз берген және алған. Қор құрған. Дүниелік істер үшін ешкімге ашуланбаған және ешкімге ренжітетіндей ауыр сөз айтпаған. Ант еткен және еткізген. Қалжыңдасқан және қалжыңдары ақиқат негізінде және пайдалы болған. Жоғарыда аталғандарды орындауда ұялу, тартыну тәкаппарлықтың белгісі. Көп адамдар осы жерде қателеседі. Қарапайымдылық пен төмендікті шатастырып жатады. Нәпіс осы мәселеде көп адамдарды алдайды. Кедейлік төмендікке себеп болмауы тиіс. Өйткені кедейлік ұялатын нәрсе емес. Мұсылман Аллаһу та’ала әмір еткендігі үшін еңбек етуге, ризық табуға тырысады. Еңбек етіп жатқанда ғибадаттарын тәрк етпейді және харам істемейді. Еңбекпен тапқанда да, тапқанын жаратқанда да ислам үкімдеріне мойынсұнады. Мұндай адамға байлық та, кедейлік те пайдалы болады. Ал ең жаманы жалқауланып отыру, еңбек етпеу және мал-мүлкін харамдарға жұмсау.