Сұхбат... Бисмилләһ айту
Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уәсәлләм: «Ұстаз балаға бисмилләһ оқып, бала оны айтқанында, Аллаһу та'ала баланың, анасының, әкесінің және ұстазының жаһаннамға кірмеуі үшін құжат жаздырады» деген. (Тәфсири Дуррул Мансур) Тағы бір хадис шәрифте: «Құран кәрімге құрмет Әузу (Әузубилләһи минәшшайтанир ражим)ді айтып бастаумен көрсетіледі. Құран кәрімнің кілті Бисмилләһ.» делінген. (Тәфсири Яқуби Чархи)
Абдуллаһ бин Мәсуд былай деген: "Жаһаннамда азаптайтын он тоғыз періштеден құтылуды қалаған адам Бисмилләһ айтсын! Бисмилләһ он тоғыз әріптен тұрады." Ләуһи Маһфузда алғаш жазылған жазу «бисмилләһ», Адам алейһиссаламға алғаш келген «бисмилләһ», Мүминде «бисмилләһтың» көмегімен Сырат көпірінен өтеді. Жаннат шақыруының таңбасы «бисмилләһ» болады.
«Әрбір жаратылған болмысқа, оны жаратумен жақсылық еткен және жоқ болудан сақтаған Аллаһу та’аланың көмегімен осы кітапты жазып отырмын. Арифтер (әулиелер), Оны илаһ ретінде таныды. Әлемдер Оның мейірімімен ризықтанды. Күнә жасағандар Оның мейірімімен жаһаннамнан құтылды» (Яқуб Чархи)"
Бисмилләһ сөзінің құндылығы соншалық, ауызды тазалайды, көңілден қайғы-қасіретті, қиыншылықты кетіреді." (Абдулқадир Гейлани)
"Дәрет алуды, жеп-ішуді және әр мүбәрәк істі бастар кезде Бисмилләһ айту, сүйікті пайғамбарымыздың әдеттерінен және сүннет болып табылады." (Ибн Абидин)
Аллаһу та’ала Құран кәрімді осы үш есімімен бастаған. Өйткені адамның үш халі бар. Дүние, қабір және ахирет халдері. Адам Аллаһу та’алаға ғибадат етсе дүниедегі істерін қолайлы, жеңіл етеді. Қабірде оған мейірім етеді, ахиретте күнәларын кешіреді. (Садәти Әбәдиә)