Untitled Document

Денсаулық... Тамақ ауырғанда

Бір стакан жылы суға бір шай қасығы тұз бен ас сода қосып тамақты шаю ауыз ішіндегі микроптарды азайту және тамақты жұмсарту тұрғысынан өте пайдалы. Яғни басты артқа шалқайтып тамаққа жақындатып дем шығару арқылы ғырылдатып шаю керек. Осылай жасалғанда дайындалған су бүкіл тамақ бөліктеріне жетеді. Сондай-ақ бұл суды жұтып қоймауға және түкіріп тастауға мән беру керек.

Көбірек су ішу – дененің, сәйкесінше тыныс жолдарының ылғалды қалуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ауыз құрғауын, тамақтың тітіркенуін азайтады, қақырық түсіргіш ретінде көмегі бар. Күніне кем дегенде 1,5-2 литр су ішуді әдетке айналдыру қажет. Суды жылы күйінде, яғни бөлме температурасы жағдайында ішу керек. Өйткені тоңазытқыштан шыққан суық су да тамақтың қабынуына жол ашуы мүмкін.  

Қатты суық азық түліктер тамақтың қабынуын арттыратындықтан, міндетті түрде жылы азық және жылы сусын тұтынуға мән беріңіз. Тамақ қатты аурып, ісіп, қабынып тұрған кездерде тамақты қырнамайтын, жұмсақ түрдегі күріш, пюре секілді тағамдарды таңдаған жөн. 

Темекі және темекі түтінінен аулақ жүру керек. Темекі тарту тыныс жолдарын тітіркендіріп қоймай, сыртқы әсерлерге қарсы төзімсіз етеді. Аурудың жазылуын кешіктіреді. Ешқандай инфекция болмаса да темекі тарту тамақтың тітіркенуі мен жөтелге себеп бола алады. 

Қыста үйдің жылытылуы себепті бөлмедегі ылғал азайып кетеді және демалынған құрғақ ауа тамақтың тітіркенуіне жол ашуы мүмкін. Мұның алдын алу үшін нарықтағы ауа ылғалдандырушы құралдарды қолдануыға немесе батареяның үстіне ыдысқа су құйып қоюға немесе ылғалды сүлгі жайып бөлменің ауасын ылғалдандыруға болады.

Қызу көтерілуі, әлсіздік, ауыр жөтел және бір аптадан ұзаққа созылған жөтел, тамақ ауруы жағдайларында міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз. Дәрі-дәрмек, әсіресе антибиотиктерді дәрігердің нұсқаулығымен қолдану керек.