Untitled Document

Сұхбат...Жетістіктің жолдары (1)

¨ Жетістіктің жолдары – әділет, күлімдеген жылы жүз және жылы сөз.

¨ Адал, әділетті болу керек. Әділетсіздік орын алғанда көңіл қалу, ренжулер пайда болады. Әділет – халықтың тыныштығы, жүйеге түсуі, басшылардың әшекейі, мерейін асқақ ететін безегі.

¨ Мейірімді, кешірімді болу керек. Аллаһу та’ала өзгеге жаны ашымайтын адамға мейірім етпейді, өзгенің кешірімін қабыл етпейтін адамның кешірімін қабыл етпейді. Аллаһу та’ала бізге қалай мәміле етуін қалайтын болсақ, біз де Оның құлдарына солай мәміле етейік. Егер Оның құлдарына жақсылық жасасақ, Хақ та’аладан жақсылық болып қайтады. Ал егер Оның құлдарына жамандық етсек, Хақ та’аладан бізге де жамандық болып қайтады. Кешірімді болсақ, Аллаһу та’ала бізге де кешірімімен мәміле етеді. Убайдуллаһ Ахрар хазреттері «Аллаһу та’аланың разылығына жеткізетін жолдардың ең төтесі, адамдарды қуанту» деген. 

¨ Адамдар бізді Аллаһты жақсы көргеніміздей мөлшерде жақсы көреді, Аллаһтан қаншалықты қорқсақ, соншалықты қорқады. Аллаһқа қаншалықты мойынсұнсақ соншалықты мойынсұнады. Аллаһу та’алаға қаншалықты қызмет етсек соншалықты бізге қызмет етеді. Әрбір іс-әрекетіміз Аллаһ үшін болсын, әйтпесе ешбірінің пайдасы болмайды. 

¨ Өзгені түзелткісі келетін адам әуелі өзін түзеуі керек. Өз нәпсін тәрбие ете алмайтын адам, өзгенікін мүлдем тәрбиелей алмайды.

¨ Жұмсақ мінезді адам табысты болады. Қаталдықтың еш жерде пайдасы болмайды.

¨ Екі тарапты да тыңдамастан шешім қабылдамау керек

¨ Өзіне жасалғандарға қарсы  және өзі жасамақ болған жәйттарда да сабырлы болу керек.

(Жалғасы ертең...)