Untitled Document

Ғибрат... Ғылымның негізі

Бір сахаба келіп, пайғамбарымыздан сұрайды:

– Йеменге барған адамдарымыз ол жерде құрма ағаштарын басқаша егетінін және көп құрма алатынын көрдік. Біз мұнда ағаштарды бабаларымыздан қалған әдіспен егейік пе, әлде Йеменде көргеніміздей етіп егейік пе?

– Тәжірибе жасап, сынап көріңдер. Біразын бабаларыңнан қалған тәсілмен, біразын йемендік әдіспен егіп көріңдер. Қайсысы жақсы құрма берсе, әрдайым сол әдісті қолданыңдар, – деп жауап берген екен пайғамбарымыз.

Яғни дүниелік жұмыстарда, іздену және зерттеулерде ғылымның негізі болған тәжірибеге сүйенуді бұйырды. Өзі білгісі келген нәрселер керекті жауапты тіке періштеден алатын немесе жүрегіне берілетін. Бірақ, әлемнің барлық жерінде қияметке дейін барлық мұсылмандардың дүниелік істерінде тәжірибе мен ғылымға сүйенулерін қалады. 

Күн Тауешкі шоқжұлдызында

      Бүгін 21 желтоқсан. Күн Тауешкі шоқжұлдызына кіргендіктен қыс маусымы басталды. Қыс маусымы 90 күнге созылады және наурыздың 20-ына бітеді. Күн бұл шоқжұлдызда 30 күн болады және қаңтар айының 20-күні Суқұйғыш шоқжұлдызына кіреді.

Соңғы жылдардағы ғылыми және технологиялық жетістіктерге қарамастан қазір де адамдардың көпшілігі шоқжұлдыздарға қарап бал ашу сияқты қате сенімдерге сенеді. Өкінішке орай, газеттердің ең көп оқылатын айдарлары шоқжұлдыз және бал ашу айдарлары екені рас. Бұл қате сенімдер тек батыста ғана емес, бізде де кең таралған. Технологиясы шарықтаған АҚШ-та кәсіпке айналған.  

Тағдырға сенетін, ғайып пен болашақты тек Аллаһу та’аланың білетініне сенетін мұсылман адам мұндай қате сенімдерден аулақ болады.

Ескерту: Шоқжұлдыздардың бар екендігі ғылыми шындық. алайда Шоқжұлдыздарға қарап, бал ашу және оған сену қате нәрсе.