Untitled Document

Сіз білесіз бе?.. Қызықты мәліметтер (2)

» Инеліктердің 30000 көзі бар.

» Шаяндардың төменгі қалташығында жүздеген балалары бар.

» Хамелеондардың (құбылғы кесіртке) тілдері өздерінің денесінен екі есе ұзын болады.

» Көптеген асыл тастардың химиялық құрамы бірнеше элементтерден тұрады. Ал бриллианттар толығымен көміртектен тұрады.

» Кір жуғыш машинаны алғаш рет 1907 жылы Хурлей Машина компаниясы ойлап тапқан және аз уақыттың ішінде сатылып кеткен.

» Секіре алмайтын жалғыз жануар – піл.

» Ұлулардың (бауырымен жорғалайтын құрт) төрт көзі бар.

» Түйеқұстың көзі миынан да үлкен.

» Қолтырауын су астында дем алмастан 4-5 сағат тұра алады.

» Акулалар жейтін қоректілерінің қозғалысын 100 м қашықтықтан сезеді.

» Арқан балықтар (лосось) көбеюлері үшін 100 км қашықтыққа кетеді.

» Құстардың ішіндегі ең үлкен жұмыртқа – түйе құс жұмыртқасы. Салмағы 1,5 кг.

» Біздің дәуірімізден 700 жыл бұрын жоғалып кеткен піл құстарының жұмыртқасы шамамен 12 кг  болған.

» Күлу үшін 17, қабақ шыту үшін 42 бұлшық етті қозғалту керек.

» Шикі жұмыртқаны қолымызбен айналдырып, тоқтатқанда іші айналады.

» Дүние жүзіндегі ең үлкен гүл Индонезияның жаңбырлы ормандарында өсетін Раффлезия гүлі. Гүлдің диаметрі 60 см.

» Кейбір өсімдіктер ет жейді. Шықшөп өсімдігі жапырақтарына қонған шыбын-шіркейлермен қоректенеді.

» Қар жапалақтары алтыбұрышты болып келеді. Әр жауғанда түскен миллиардтаған қар жапалақтары бір-бірлеріне ұқсамайды.

» Бүгінге дейін белгілі болған ең үлкен бұршақ диаметрі 19 см. Бұл шамамен футбол добының көлеміндей болады.

» Дүние жүзіндегі ең қатты жел 1999 жылы АҚШ-тың Оклахома штатында сағатына 509 км жылдамдықпен соққан.