Бүгін... Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Бүгін – тарихы тереңде жатқан еліміздің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Бұл күн еліміздегі тойланатын ең басты мемлекеттік мереке. Бұл күндері республика қызметкерлері үшін демалыс.
1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігі және мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады. Сондай-ақ бұл күн еске алу күні. Халық Алматының Республика алаңына 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын еске алып құрметтеу үшін шығады.
Қазақстанның тәуелсіздік күні республиканың ең жоғарғы мемлекеттік мерекесі болып табылады. Бүкіл ел мерекелейді, сол оқиғалардың куәгерлерімен кездесу ұйымдастырылады. Сондай-ақ бұл күннің құрметіне мәдениет, спорт, саясат, өнер және өмірдің басқа да салаларындағы әртүрлі қызметкерлер марапатталады. Абақтыдағыларға рақымшылық жасалады. Барлық қалаларда, ауылдарда мерекелік іс-шаралар өтеді, кешкісін аспанға салют атылады.
Зеректік жұмбағы...Құстар мен балық
Өзеннің бір жағасында 10 метр, арғы жағасында 15 метр биіктікте екі ағаш тұр. Екі ағаштың төбесінде бір-бір құстан қонып тұр. Өзеннің ені 25 метр. Екі құс бір уақытта өзенде жүзіп жүрген бір балықты көріп, тез ұшып балыққа бірдей уақытта жетіп барады. Құстардың жылдамдығы тең болуына қарағанда, балық ұзын ағаштың түбінен қанша метр қашықтықта жүзіп жүр?
(Жауабы ертең)