Насихат... Бақыттың сырлары
Абдуллаһ Ғиждуани хазреттерінің жаңа үйленген шәкіртіне айтқан насихаты: Отбасылық өмір өзара түсінушілікті талап етеді. Яғни бақытты отбасы құра алу үшін сабыр мен салмақтылық қажет. Әйелдің бес уақыт намазын оқитын болуы, күйеуіне мойынсұнуы, көшеге шыққанда ашық-шашық жүрмеуі еркек үшін жаннат ниғметі болып табылады. Оның қадірін білу, оны ренжітпеу керек. Оған қиыншылықтарды, қайғыларыңды, дұшпандарыңды, қарыздарыңды айтпау керек. Қасында болғанда да, жоқ кезінде де үнемі оған қайырлы дұға етіп жүру, жаман дұға жасамау керек. Өйткені ол үйдің берекесі, тазалығын орнатушы, бала-шағаның бағушысы, үйдегі аспаз, мал-мүлкіңнің күзетшісі және өмірлік жолдасың. Зәру (мәжбүр) жағдай болмайынша ажырасуға жанаспау керек. Өйткені ажырасу мубахтардың ішіндегі Аллаһу та’ала жақсы көрмейтін тірлік.
Әдеп-ахлақ... Жерге түкіру
Ең үлкен жаман әдеттердің бірі көшеге, жолға түкіру. Бұл жиіркенішті әрекетті жастар үлкендерден көріп үйренуде. Ал үлкендер болса бұл әдеттерінен әрең бас тартуда. Мектепте үйретілетін, бүкіл әдеп-ахлаққа қатысты кітаптардың ең басында келетін бұл жаман әрекеттен ұзақ тұру керек. Мұсылманның өзі, заттары және айналасы әр дайым таза болуы керек.