Untitled Document

жалғасы... Мазһабсыздардың бұзық пікірлері (2)

14) Пайғамбарларды пайғамбарлыққа өз еңбектерімен жеткен деп айту.

15) Дажжалдың, Даббатул-ардтың, хазреті Мәһдидің келетініне, хазреті Исаның көктен түсетініне және тағы басқа қиямет белгілерінің біреуіне де сенбеу.

16) Аллаһу та'ала ахиретте де көрінбейді деп айту.

17) Кәпірлер жаһаннамда мәңгі қалмайды, жаһаннам мәңгі емес деп айту.

18) «Күнаһар мұсылмандар жаһаннамға түспейді, жаһаннамға түскен адам ешқашан шықпайды» деп айту.

19) Мәсіге мәсх етуді жаиз деп білмеу.

20) Сұлтанға (мемлекетке) қарсы шығуды жаиз деп білу.

21) Яһудилер де, христиандар да жаннатқа кіреді деп айту.

22) «Ла илаһа иллаллаһ» деген адам жаннатқа кіреді, «Мухаммадун расулуллаһ» деп айтудың керегі жоқ деп айту.

23) «Дажжал деген бір ағым түрі, Иса мен Мәһди де рухани тұлғалар, яғни рух ретінде келеді» деп айту.

24) Хазреті Иса келгенде шынайы христиандықты жаяды деп айту.

25) Хазреті Мәһдидің сипаттарына сай келмесе де кейбір адамдарды Мәһди деп атау.

26) Ибн Тәймиәнің, масон Абдухтың және қалған мазһабсыздар мен бидғатшылардың артынан еру.

27) Әнбиа мен әулиелердің қабірлеріне барып олардың құрметіне дұға ету, олардан көмек сұрау жаиз емес деп айту.

28) Рух өледі, рухтар мен өлілер есітпейді деп айту. Талқин, дәуір және исқатты мойындамау

29) Жұқа наскиге мәсх тартуды жаиз деп білу.

30) Қаза намазды оқудың керегі жоқ деп айту,

31) Қажеттілік және зарурат кезде төрт хақ мазһабтың бірін тақлид етуді қабыл етпеу, немесе әр мазһабтың оңай үкімдерін араластырып амал ету.

32) Мазһабқа бағынуды «Мазһаб фанатигі» деп айту, ижтиһад есігі ашық деп айту,

33) Орган алып-салуды харам деп айту,

34) Ислам ғұламаларын жамандау мақсатында, олардың кітаптарында ойдан шығарылған хадистер бар деп айту.