Сұхбат... Мазһабсыздардың бұзық пікірлері (1)
Бір үкімнің дұрыс немесе қате екені Әһли сүннет ғұламаларының білдіргендеріне сай болғанына қарай анықталады. Өйткені, Әһли сүннет ғұламаларының білдіргендеріне сай келмеген кез-келген пікір қате болып табылады. Әр адасқан адам өз көзқарасын Құран кәрім мен хадис шәрифтерге сай деп және адасқан жолын тура деп ойлайды. Алайда, Құран кәрімде былай делінеді: «Құран кәрімдегі мысалдар көпшілікті күпірге сүйрегені сияқты, көпшілікті тура жолға қауыштырады.» (Бақара 26) (Мәктубат 1 том, 286 мәктуб)
Әһли сүннет ақидасымен қалған дұрыс ілімдер үйренілсе, мұның қарама қарсысында жүргендердің адасқан екендігі анық болады. Қазіргі таңдағы адасқандардың бұзық пікірлерінің кейбірі мыналар:
1) «Әмәнту»-дегі алты шарттың бірін мойындамау, мысалы, жақсылық Аллаһтан, жамандық шайтаннан деп айту немесе тағдырды мойындамау.
2) Амал иманның бөлшегі деп айту. (Мысалы, намаз оқымаған адам кәпір болады деп айту)
3) Иман азайып, көбейеді деп айту. (Нұры, қуаты азайып, көбейеді деп айту керек)
4) Құран кәрімді махлұқ, кейіннен жаратылған деп айту.
5) Аллаһ аспанда, Аршта деп айту. «Истиуа» сөзіне қате мағына беріп, Аллаһты Аршта отыр деп айту.
6) Қабірдегі сұрақ-жауапқа, қабір азабына, шапағатқа, сырат көпіріне, есепке немесе таразыға сенбеу.
7) Аллаһ ғайыпты әулие-әнбиаларына білдірмейді деп айту.
8) Әулиенің кереметін мойындамау.
9) Сахабалардың барлығы жаннаттық болғанымен, кейбірін жамандау.
10) Екі қайын-атаны (Хазреті Әбу Бәкір мен хазреті Омарды) қалған сахабалардан үстем деп білмеу. Екі күйеу баланы (Хазреті Осман мен хазреті Әлиді) жақсы көрмеу.
11) Миғраждың рух және денемен бірге болғанына сенбеу.
12) Пайғамбарларды күнә істейді деп айту.
13) Қазіргі таңдағы хақ болған төрт мазһабтың бірін ұстанбау. ("Мен мазһабтардың үкімдерін зерттеймін, қайсысы Құранға-Суннаға сай болса, соны аламын" деп құдды мазһаб имамдарын Құранды зерттеуге әлгі адамдай шамалары, ақылдары жетпегендей қылып көрсетуге тырысатындардың түгел барлығы адасқандар.)
жалғасы ертең...