Насихат... Бақыттың рецепті
- Арзан көлік қолдан, бірақ ала алғаныңша ең әдемі үй ал!
- Жұбайыңды өте жақсы таңда! Өйткені бақытыңның немесе бақытсыздығыңның 90% осы таңдауыңа байланысты.
- Күніне ең аз 30 минут жаяу жүр!
- Әр тамақтанудан бұрын және кейін шүкір ет!
- Күніне 6 стакан су ішуді ұмытпа!
- Сені жақсы көретіндерге және мұқтаждарға қамқорлық жаса!
- Қалам және күнделігіңді үнемі жаныңда алып жүр!
- Уақытыңды және сөздеріңді бос нәрселерге жұмсама!
- Алғашқы көмек және денсаулық жөнінде ілімдерден хабардар бол!
- Көз алдыңда үнемі әдемі нәрселер болсын!
- Балаларыңды түсінуге тырыс, жазалауға емес!
- Жоғалтатын ешнәрсесі болмаған адамдардан қорқ!
- Жанұяңдағыларды сынға алғың (айыптағың) келгенде тіліңді тісте!
- Бір адамның құпиясын жариялаудан бұрын екі рет ойлан!
- Адамдардың жасаған жаман нәрселерін емес, келешекте жасайтындарын ойла!
Өзіңе жасалуын қаламаған нәрсеңді басқаларға да жасама!
Күлімдейік... Мәселе сәлдеде болса
Қожекең басына сәлдесін орап, көшеде келе жатады. Біреу аптыға жүгіріп келіп:
- Қожеке мына хатты оқып беріңізші! — деп өтініпті.
- Мен хат танымаймын.
- Ендеше неге басыңызға сәлде орап алғансыз?
- Е, мәселе сәлдеде болса, мә, басыңа ора да, хатыңды оқып ала ғой,- депті оған Қожекең.