Untitled Document

Ғибрат... Ешкімді айыптама

      Әулиелерден Мұхаммед Зухди хазреттері бір күні шәкірттерінен біріне:

- Балам, мұсылмандардан ешкімді құсыр-кемшілігіне байланысты айыптама,- дейді. Шәкірт:

- Ұстаз, бірақ кейде өте өрескел нәрселерге куә болудамыз, айыптамау мүмкін еместей болады.

- Сонда да ешкімді айыптама.

- Не үшін, мұның хикметі неде?

- Өйткені, кімде кім бір мұсылманды тәубе еткен құсырымен айыптаса, ол адам дәл осы құсырды істемейінше өлмейді. Қатты айыптағың келіп тұрса, өзіңді айыпта. Өз кемшіліктеріңді көр. Өзіңді жаманда. Айнаға қарап өзіңнен ұял. Өзгемен емес, өзіңмен шұғылдан,- деді. 

 

Ғылым және техника... Жұмыс істеп тұрған ең ескі компьютер

65 жастағы бұл компьютер Harwell Dekatron, басқа атауы “CADi” әлі күнге дейін істеп тұр. Оксфорд атом энергиясы зерттеу орталығында қолдану үшін жасалған бұл компьютер 1949 жылы жасала басталып 1951 жылы дайын болды. Деректерді өңдеу жылдамдығы 10-15 секунд болатын. Заманауи компьютерлерде 1 секундқа жетпейді. Қазір Англияда ұлттық есептегіш құрылғылар музейінде тұрған “CADi” 2,5 тонналық салмақты құрап, бір бөлмені алатындай көлемде.