Untitled Document

Сұхбат... Кәміл адам қандай болады? (1)

Сұрақ: Мұсылман ретінде адамдармен қандай қарым-қатынаста болуымыз керек?

Жауап: Барлық адам айналасында және жұмыс орнында мінездері әр түрлі болған түрлі адамдармен кездеседі. Мұсылман ретінде олардың алдындағы әрекеттерімізді білуіміз керек. Имам Ғазали хазреттері адамдарды төртке бөлген:

1) Ішіп-жеу және рахаттанудан басқа ештеңе білмейтіндер.

2) Айналасына ауыртпашылық, зұлымдық көрсететін адамдар.

3) Қулықпен, айламен айналасындағыларды алдайтындар.

4) Жақсы мінезді болған шынайы мұсылмандар.

Ұмытпау керек, әр адамның жүрегінен Аллаһу та’алаға баратын бір жол бар. Бүкіл мәселе – осы жолдан Ислам нұрының адамдарға жайылуы. Бұл нұрды жүрегінде сезген адам қай топтан болса да, істеген жамандықтарына өкінеді және дұрыс жолды табады.

Егер бүкіл адамдар Ислам дінін қабылдаса, әлемде жамандық, қулық, соғыс, анархия және зұлымдық қалмайтын еді. Сондықтан, шынайы және кәміл мұсылман болуға тырысу, мұсылмандықтың негізі мен нәзіктіктерін көрсетіп жақсы үлгі болу, өзіміз де осыған сай өмір сүріп бүкіл әлемге жаю – әркімнің мойнына жүктелген борыш болып табылады. Мұны орындау жиһад болады.

Қай діннен болса да, бүкіл адамдарға дініміз бұйырғандай әрдайым жылы сөзбен және түсінушілікпен қарау керек. Мұсылман болмаған адамның бетіне «кәпір, дінсіз» деп оны ренжітудің күнә болатындығы, бұлай айтқандардың жазалануы керектігі фиқһ кітаптарында жазылған. Мақсат – баршаға Ислам дінінің ұлылығын түсіндіру. Ал бұл жиһад жылы сөзбен, сабырмен, ілім және иманмен орындалады.

(Жалғасы ертең...)