Ғибрат... Қарапайым мінезділік
Ескі үмбеттердің бірінде бүкіл өмірін тауда ғибадат етумен өткізіп жүрген бір кісі түнде түс көреді. Түсінде бір періште келіп: «Қаладағы пәлен жердегі аяқкиім шебері Аллаһу та’аланың таңдаулы, дұғасы қабыл құлдарынан. Соған барып дұғасын ал» дейді. Оянғанында дереу қалаға түсіп әлгі аяқкиім шеберін тауып, одан қандай ғибадат жасап жүргендігін сұрайды. Ол «Отбасымның напақасын аяқкиім жөндеп табамын, артылған ақшаны кедейлерге таратамын» дейді. Бүкіл өмірі ғибадат ішінде өтіп жатқан әлгі салих кісі «мен бұдан қаншама есе көп ғибадат етудемін, мұның дұғасын қайтем» деп ойлап қайта тауға кетіп ғибадатын жалғастырыпты. Сол түні тағы осындай түс көреді, періште: «Аяқкиім шеберіне бар, жүзінің неге солыңқы екенін сұра» дейді. Салих құл тағы да аяқкиім шеберіне келіп неге жүзінің солыңқы екенін сұрайды. Аяқкиім шебері: «Кімді көрсем бұл кісі құтылады, ал мен құтыла алмай азапқа душар болсам керек деп ойлап, құтылуым үшін адамдардың дұғасына мұқтаж екендігіме сенемін. Осы себепті жүзім солыңқы» дейді. Салих құл мұны естігенінде алдыңғы ойына тәубе етіп, аяқкиім шеберінің қарапайым, кішіпейіл мінезділігі себепті Аллаһу та’аланың ең сүйікті құлдарынан екендігін түсінеді.
Құрметті оқырман!
Күнтізбе беттерінде Құран кәрімнен аяттар, хадис шәриф мағыналары, діни мағлұматтар, ұлы тұлғалар және тәбәрік есімдер болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауларыңызды өтінеміз.