Untitled Document

Денсаулық... Ана сүті теңдессіз

      Маман дәрігерлер айтады: Бүкіл келеңсіздіктерді жоятын ана сүті өте керемет, ғажайып азық болып табылады. Ана сүтінде сәбиге қажетті бүкіл азықтық элементтер бар. Ешқандай жасанды сүттер, балалар тағам қоспасы ана сүтімен салыстыруға келмейді. Туылған сәтінен бастап беріледі. Сәбиге алғашқы 4-6 ай арасында берілетін ана сүті бронхит, іш өтуі, асқазан аурулары, анемия, демікпе, инфекция, аллергия, жұқпалы аурулардан қорғайды. Егер анасы жеткілікті мөлшерде қоректеніп жүрсе, алғашқы 4-6 ай сәбиге дәрумен және су да берместен тек ана сүтінің өзі жеткілікті болады. Емізу кезінде ана мен сәбидің жақындығы сәбиге сенімділік бергенімен қоса сүттің ең стерилді шарттарда жетіп баратындығы ана сүтінің теңдессіз азық түрі екендігін айқындауда. 

      Ана сүті: Протеин, май, көмірсулар және минерал жөнінен қанық болуымен қатар ферменттерімен физика-химиялық ерекшеліктері арқылы сәбидің сүттен ең болымды түрде пайдалануын қамтамасыз етеді. Ана сүтімен қоректенген сәбилер қалыпты, болымды түрде өсіп, жетіледі. Сондай-ақ ана сүтінің орнына берілетін сиыр сүті және басқа сүттер сәбилер үшін қолайлы азық емес және қорытылуы қиын.              

Күлімдейік...Студент

Бірде қалада оқитын студент ауылдағы үйіне былай деп хат жазып жібереді: "Әке, маған дәптер-мәптер, бал-пал, киім-кешек алатын жүз мың теңге салып жіберіңізші".
Сонда әкесі жауап ретінде: "Балам, дәптер ал, – мәптерді қайтесің, бал ал, – палды қайтесің, киім ал, – кешекті қайтесің, - деп елу мың теңге салып жіберген екен.