Сұхбат... Ешкімге жүк болмау
Доспен жақсы қарым-қатынаста болу үшін оған жүк болмау керек. Мүмкін болғанша қажеттіліктерді одан жасыру керек, көмек сұрамауға тырысу керек! Мал-мүлік, ақша сияқты нәрселерді де сұрамау керек! Бір лауазымға өту үшін де одан жәрдем сұрамау керек!
Достармен жақсы қарым-қатынаста болу тек оларға жүк болмау, оларға қиындық бермеу емес, сонымен қатар олардан келетін қиыншылықтарға төзу, шыдау деген сөз. Аллаһу та'ала Мұса алейһиссаламға «Мені жақсы көрген адам досынан келетін қиыншылықтарға төзеді» деген уахи жіберген. (Имам Ғазали)
Қажеттіліктерімізге көмектесетін, қиыншылықтарымызға шыдайтын дос іздеп жүрген болсақ, дос емес, қызметші іздеп жүрміз деген сөз. Біз қажеттіліктерін өтеуге асығатын, қиыншылықтарына шыдай алатын, дерттеріне ортақ болатын адамдармен Аллаһ үшін дос болуымыз керек. Хазреті Айша анамыз «Мүмин мүминнің бауыры, оны олжа деп те санамайды, одан тартынбайды да» деген. Қажетсіз өтініштермен досқа жүк болмау керек! Мүмкін болғанша қажеттіліктерді достан жасыру керек! Одан мал-мүлік пен мансап сұрамау керек!
Асхаби кирамнан хазреті Сәубаның түйенің үстінде отырғанында қамшысы жерге түсетін еді, ол ешкімнен «Қамшымды алып бересіз бе?» деп сұрамастан, түйеден түсіп, өзі алатын еді. (Түйеден түсіп, қайта шығу өте қиын.) Хадис шәрифтерде де былай делінеді:
«Салихтар, жақсылар әбігерлік пен қиыншылық бермейді.» (Дара Кутни)
«Халықтан ештеңе сұрамауға сөз берген адамның жәннатқа кіруіне мен кепілмін.» (Нәсаи)
«Ешкімнен ештеңе сұрама! Қамшың түсіп қалса да, басқадан сұрама, түсіп өзің ал! Аманатқа ештеңе алмауға да тырыс!» (И.Ахмед)
«Берген қол алған қолдан үстем.» (Бұхари)
Жақсы дос болу үшін досымыз күнә істегенде біздің истиғфар етуіміз, қателік жібергенде біздің кешірім сұрауымыз, қиналған кезінде көмектесуге асығуымыз және ешбір түрде оған жүк болмауымыз керек. Досымызға әрдайым жақсы хабар беруіміз керек, қайғылы жаңалықтарды айтпауымыз керек!