Тарих... Батыстықтар және Ислам
Италияндық Сыртқы Істер басқармасының басшысы Гианни, Еуро одақтың басшысы кезіндегі 19.12.1989 күні ЕО уәкілдеріне берген рапортында былай делінеді: «Алжирден бастап Солтүстік Африкадағы мұсылман жастар, жылдам түрде Ислами өмір салтына бет бұруда. Бұл болса Еуропаның оңтүстігі ислам тарапынан қоршауға алынғанмен тең. Солтүстік Африкадағы Ислами оянуды тоқтату үшін мұсылман жастарын ойын-сауық орталықтарына, түнгі клубтарға, арсыздық, жыныстық азғындыққа байлауымыз керек. Олардың кіші жастан бастап Құран кәрім, діни білімдер үйренулеріне кедергі болу қажет. Бұл жоба үшін Еуро Одақтан 14 миллиард долларлық қаражат қажеттілігі бар...»
"Misbakul İslâm Fâruki, Jewish Caspi, Racy And The Muslim World, Education Press Karachi 1967" атты кітаптың 25 бетінде сионист яһуди Сулейман Мансурдың АҚШ-қа жіберген рапортында былай жазулы еді: «Біз түріктерден Құдіс маңынан біршама жер сұраған едік. Бұл үшін миллиондаған алтын пара да ұсындық. Бірақ Сұлтан Абдулхамит хан адамдарымыздың бұл ұсынысын қабыл етпеді. Тіпті оларды алдынан қуып шықты. Бұдан былай біз бұл дүркіреген мемлекетті жермен жексен етеміз және бұл тәкаппар түркі халқын исламнан ажыратып, қызылтерілілерден де бетер жағдайға түсіреміз.»
Денсаулық...Әрекетсіздік
Отырып жұмыс істейтіндер немесе көлікпен жұмысына барып келетіндерде бұлшықеттері босап, тамырдың қатаюы және жүрек мазасыздықтары шығуы мүмкін. Тамақ ішу тек қажетті азықтарды жеумен ғана шектелмей, қалыпты түрде тамақтанғаннан кейін алынған азықтың жұмсалуы және міндетті түрде денеде қорытылуы керек. Бір орында отырып жұмыс істейтіндер өте көп жаяу жүрулері керек, ал бұны істей алмағандар болса, аурып қалудан қорғану үшін жеген тамағына мән беруі керек.