Сұхбат... Адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу (2)
Ибраһим Хаққы хазреттері былай деген: Аллаһу та'ала адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуымызды бұйырып, хадис құдсиде: «Жамандық жасағанға жақсылық жасаған, келмегенге өзі барған, алшақтағанға жақындаған, тағам ұсынбағанға тамақ берген адам – ең үстем адам. Кешірімді болыңдар, айыптарды жабыңдар, мейірімділік етіңдер, сонда мейірімге қауышасыңдар! Адамдардың алдында жақсы мінезді болған пендені жақсы көремін және адамдарға да оны жақсы көргіземін» - деді.
Досқа, дұшпанға, жақсы-жаман әркімге жылы сөз және күлімдеген жүз таныту керек, фитна шығармау керек, дұшпандарды арттырмау керек. Адамдарға жасалатын ең пайдалы сый-сияпат, ең құнды сыйлық – жылы сөз бен күлімдеген жүз. Сиырға табынатындарды көргенде сиырға шөп беріп, дұшпандықтарына бөгет болу керек! Хафыз Ширазидің «Достарға дұрыстықты айту керек, дұшпандарды күлімдеген жүзбен және жылы сөзбен басқару керек» сөзін пайдалану керек, кешірім сұрағандарды кешіру керек! Бәрінің алдында жақсы мінезді болу керек, жұмсақ сөйлеп, дөрекі сөйлемеу керек! Ешкіммен сөз тартыспау керек! Сөз тартысу – достықты азайтады, дұшпандықты арттырады.
Хадис шәрифтерде былай делінді:
«Өзінікі дұрыс болса да сөз тартысуды тоқтатқан адамға жәннатта бір зәулім сарай беріледі.» (Табарани)
«Өзінікі дұрыс болса да сөз тартысуды доғармаған адам шынайы иманға қауыша алмайды.» (И.Әбиддунийа)