Untitled Document

Сұхбат... Адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу (1)

Адамдармен жақсы қарым-қатынаста бола алудың екі шарты бар: 1) Жақсы адам болу, 2) Адамдарды жақсы тану. Бұл екі шартқа ие болған адам бәрімен жақсы араласады. Жақсы адам болу үшін дініміздің әмірлері мен тыйымдарына қатты мән беру жеткілікті. Ал адамдарды жақсы тану үшін мыналарды білу керек:

Адамдар үш топқа бөлінеді: Бірінші топтағылар – азық сияқты, әрдайым қажет болады. Екінші топтағылар – дәрі сияқты, кейде ғана қажет болады. Үшінші топтағылар – ауру сияқты, ешкім оларды қаламайды, бірақ амалсыздан оларға ісі түсіп тұрады. Оларға дос сияқты көрініп, жақсы қарым-қатынас жасау керек.

Өзіне немесе басқаларға зияны тиер деген қауіппен жақсылықты бұйыру және харамға тыйым салу мүмкін болмаса, мұндай жағдайларда фитнаға (бүлікке) жол бермеу үшін үндемей қоя салуға "мүдара" делінеді. Мүдара – дінді немесе дүниені зияннан құтқару үшін дүниелік пайданы беру деген сөз. Көңілмен жақтырмай, харамға тыйым салуды қалаған болса да мүдара жасау жаиз болады. Тіпті садақа сауабы пайда болады. Бірақ ақылды адам жақсы қарым-қатынас жасайды. Хадис шәрифте: «Жақсы қарым-қатынас жасау – ақылдың басы.» делінген.(Бәйһақи)

Мүдара жасағанда жылы сөзбен айту және күлімдеп сөйлеу керек. Бәрімен мүдара жасап сұхбаттасу керек. Яғни үнемі жылы сөз айту және күлімдеп жүру керек. Жақсы-жаман бәрімен кездескенде осындай болу керек. Бірақ жамандарға және адасушыларға мүдахана жасамау керек, олардың адасқан жолынан разы екен деген ой бермеу керек. (Хиндийа)

(Мүдара – Ислам дінінің сыртына шықпай көңілін аулау деген сөз. Мүдахана – біреудің көңілін аулағанда Ислам дінінің сыртына шығып, күнәға кіру деген сөз.)