Untitled Document

Сұхбат... Дұға ету

Дұға мұсылманның қаруы. Үнемі дұға етіп жүру керек. Өте көп дұғалар бар. Ең пайдалы болғандары хадис шәрифпен білдірілгендері. «Мына дұғаны оқыған адам кедейліктен құтылады» деген сөз, ол дұға қабыл болған жағдайда оған бір жұмыстың есігі ашылады немесе күтпеген жерден рызықтарға қауышады деген сөз. Ауруы үшін дұға еткен де шипаға себеп болатын дәріге немесе басқа бір себептермен сауығып кетеді. Жұмыс істеу рызықты көбейтпейді. Рызықты беретін Аллаһу та’ала. Жұмыс істеу – себебіне жабысу деген сөз. Себепке жабысу сүннет. Қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, берекелі рызықтарға қауышу үшін себептерге жабысу керек! Хадис шәрифтерде былай деп бұйырылды:

«Өмірім ұзақ болсын, рызығым мол болсын дегендер туыстарын зиярат етсін!»

«Таңғы ұйқы рызықтарға кедергі болады.»

«Қажеттіліктерін адамдарға айта беретіндер мұқтаждықтан құтыла алмайды. Ал Аллаһу та’алаға айтатындар құтылады.»

«Аллаһтан қорқуды өзіне негіз қылып алған адам рызықтарға сауда-саттықсыз және ақшасыз қауышады. Құран кәрімде «Кім Аллаһтан қорқса, Аллаһ оған шығатын бір жолын көрсетеді және рызығын ойламаған жерінен жібереді» деп бұйырылған.»

«Рызыққа қауышқан кісі көп шүкір етсін! Рызығы азайса, истиғфар айтсын!

 (Шүкір “Әлхамдулилләһ”, истиғфар “Әстағфируллаһ” деген сөз. Истиғфар ету дегеніміз күнәларының кешірілуіне себеп болатын жақсылықтар жасау дегенді білдіреді.)

«Үйге кірерде Ихлас сүресін оқыған адам кедейлік көрмейді.»

«Қиыншылыққа түскен немесе қарызданған адам мың рет “Лә хаулә уә лә қууәтә илла биллаһил алиил азыйм” десе Аллаһу та’ала ісін жеңілдетеді.»  

«Күнде жүз рет “Лә хаулә уә лә қууәтә илла биллаһ” деген адам кедейлік көрмейді.»

Дұғалардың қабыл болуы үшін Әһли сүннет (сүнни) сенімінде болып, Аллаһу та’аланың әмірлерін орындап, тыйымдарынан ұзақ болу керек.