Untitled Document

Сұхбат... Садақа беру

Аллаһу та’аланың разылығын алу ниетімен мұқтаждарға, кедейлерге мал-мүлік, ақша беру және әр түрлі жақсылықтар жасау садақа деп аталады. Мал-мүлік адамның жақсы көретін нәрселерінің бірі. Хақ та’ала мал-мүлік арқылы адамды сынап былай дейді: «Мені жақсы көретіндерің рас болса, сендерге берген мал-мүлкімнің бір бөлігін мұқтажға беріңдер!”.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Үсттегі қол асттағы қолдан, яғни берген қол алған қолдан жақсы”.

«Өз ыдысынан діндес бауырының ыдысына біраз су құю садақа болып саналады. Бұйрықтарды үйретіп, жасату және күнәлардан сақтандыру, діндес бауырына жылы қабақ таныту және жол көрсету де садақа болып табылады”.

«Аллаһу та’ала  кейбір құлдарына көп нығмет берген. Оларды құлдарына пайдалы болу үшін жаратқан. Бұл нығметтерді Аллаһтың құлдарына таратса, нығметтері азаймайды. Егер бұл нығметтер оларға берілмесе, Аллаһу та’ала бұл нығметтерді одан алып, басқаларға береді”.

«Мені хақ пайғамбар етіп жіберген Аллаһтың атымен ант етемін, мұқтаж туысы тұрған кезде басқа адамға садақа берген адамның садақасын Аллаһу та’ала  қабыл етпейді”.

Хикмет... Ағаштар

Жас ағаштар, ең кәрі қаратал ағашына балтаны шағымданып: «Мына балта біздің нәсілімізді жойып бітіретін болды» дейді. Кәрі ағаш: «Балтаның не жазығы бар дейсің. Ол да өзіндік тұрғысынан жақсы. Жақсы болмаса да бізге зияны тимейді. Оны бізге жамандық етуге сілтеп тұрған өзімізден шыққан сабы ғой...» деген екен.