Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Тыйылайық өсектен (1)

Ұзақ тұрмас ғимарат негіз салса кесектен, 

Адал болмас бас қосу шешім шықса өсектен, 

Өзі жоқтың көзі жоқ жамандасаң кезекпен,

Әдет қылсаң ғайбатты парқың болмас есектен.

 

Ақырзаман қу заман жағымпаздар билеген,

Бұрыш бұрышқа жиналып ғайбат айту сиреген, 

Ауыздықтау қиын іс ұзын тілді ирелең,

Салдарынан ғайбаттың қаншама ел күйреген.

 

Қу әдетке айналған өсек айту жасқанбай, 

Ғайбат, өсек айтудан жарыс болып жатқандай, 

Аңдығаны бір бірі кір іздеген қазбалай,

Қуанады мін тапса, бір қап алтын тапқандай.

 

Ғайбатшыны байқасаң өзі таза дінаман, 

Шаң жұқтырмас өзіне құлақ салып тыңдасаң, 

Басқаларда кемшілік толып жатыр мыңдаған,

Өзгелердің барлығы, жауыз екен ең жаман.

(Жалғасы ертең...)

 

Зеректік жұмбағы...Шәугімнің дыбысы

Шәугімде су қайнату үшін отқа қойған кезде басталған ызыңдаған дыбысты бәріміз білеміз. Бұл дыбыс бара-бара артады және су қайнай бастағанда бірден тоқтайды. Судың дайын болғандығын, яғни қайнағандығын осы дыбыстың тоқтағанынан түсінеміз. Бұл дыбыс қалай, ненің әсерінен пайда болады, айтып бере аласыз ба?

(Жауабы ертең)