Ғибрат... Өзін бұлжымас адам деп ойлау
Бір кісі дәрігерге келіп қатты күйзеліп, жүйкесі тозып бара жатқандығынан шағымданады. Бірақ жасалуы қажетті көп жұмыстары бар екендігін, кідіртуге болмайтындығын айтады. Дәрігер:
- Бұл жұмыстарыңызды басқа адам істей алмай ма? Немесе басқа адам сізге көмекші бола алмай ма?- деп сұрайды. Әлгі кісі:
- Жоқ, бұл істі мен ғана атқара аламын. Барлық жұмыстар бір өзіме қарап тұр.
- Сізге ем ретінде бір рецепт жазып берейін, осы рецептте жазылғандарды орындасаңыз жазыласыз,- деп қағазға рецепт жазып науқасқа ұсынады. Науқас рецептті оқып таң қалады. Рецептте: Күнде кем дегенде екі сағатқа жұмысты тоқтатып, жаяу серуендеу керектігі және аптасына бір күннің жартысын мазарат ішінде серуендеу керектігі жазулы еді. Дәрігерге қарап:
- Серуендеу керек екенін түсіндім, бірақ неге мазарат, менің дертіме мазардың не қатысы бар? -дейді.
- Мазаратқа барып қабірлерді көріңіз. Ол жер өзін орны толтырылмас, орнын ешкім баса алмайтын адаммын деп ойлаған пенделерге толы. Сен де солар секілді қабірге көмілгеніңде, сенің ешкім істей алмайды деген істеріңді басқалардың істеп жүргенін көресің...
Шынында да менің орнымды ешкім баса алмайды, мен болмасам жұмыс тоқырап қалады деп ойлайтын, алайда бәріне кедергі болып жатқан кісінің өзі екендігін білмейтін адамдарға бұл дәрігердің рецепті орынды емес пе?...