Білесіз бе... Адам денесіндегі ғажайыптар
¨ Ересек адамның денесі октиллион атомнан тұрады.
¨ Денеміздегі қан тамырлардың қосындысы 96 мың км құрайды. Бұл ұзындық жерді үш рет айналуға жетеді.
¨ Адамның миы минутына 1000 сөз оқи алады.
¨ Адамның миы компьютер болғанында секундына 38 катриллион операция жасай алар еді. Күніміздегі ең озық компьютер мұның 1 пайызын да орындай алмайды.
¨ Қол немесе аяқтың тырнағы түбінен бастап толығымен өсіп шығуына жарты жыл уақыт кетеді.
¨ Адам өмір бойы орташа 18 кг тері төгеді.
¨ Алынған оттегі мен калорияның 20 пайызын адамның миы тұтынады.
¨ Әрбір бүйректегі миллиондаған фильтр минутына 1,3 литр қанды тазалайды.
¨ Әр адамның өзіне тән иісі болады. (Тек егіздер ғана бірдей иісті болуы мүмкін.)
¨ Әр адамның денесінде жарты миллион тер безі болады және бұлар күніне жарты литр тер бөліп шығарады.
¨ Адамның бойы таңертеңгісін оянғанда түнде жатар кездегімен салыстырғанда шамамен 1 см ұзын болады. Мұның себебі омыртқа арасының түнде босаңсып түрегеп жүргенде жиырылуында.
¨ Адамның ДНК-сының жартысы бананның ДНК-сына ұқсас келеді.
¨ Адам денесі әр секундта 25 миллион жаңа жасуша өндіреді.
¨ Адам өмір бойы 25 мың литр түкірік бөледі.
¨ Ащы ішектің ұзындығы адамның бойынан төрт есе ұзын.
¨ Адам ағзасындағы ең қатты зат тіс эмалі.
¨ Денеміздің әр сантиметр квадратында 32 миллионға жуық бактерия өмір сүреді.
¨ Қан жасушалары (екі жағы ойық) дисктер формасында болады.
¨ Мұрнымыз 50 мың түрлі иісті ажырата алады.