Сұхбат ... Қонақ күту
Қонақ күту үлкен сауап. Қонақты ниғмет деп білу керек. Әрбір ниғмет белгілі бір машақаттың жемісі екендігін ұмытпау керек. Машақатсыз ниғмет болмайды. Әрине қонақ күтудің де өзіне тән машақаты болады. Қиналмай қонаққа қызмет ету керек. Қонақты ғанибет, сауап алу үшін жақсы мүмкіндік деп білу керек.
Хадис шәрифте былай делінеді:
«Аллаһу та’ала бір қауымға жақсылық тілесе, оларға сыйлық ретінде қонақ жібереді. Қонақ ризығымен келеді. Аллаһу та’ала ол үйдің тұрғындарын кешіреді.»
Аллаһу та’аланың сыйлығы болған қонақты жақсы күту керек. Қонақ келмесе ренжу керек. Өйткені хадис шәрифте: «Қонақ кірмеген үйге періште де кірмейді» делінген. Қонақ келмеуін тілеу дұрыс емес. Өйткені пайғамбарымыз: «Қонақ күтуді қаламаған адамда береке жоқ» деген.
Қонақ үшін көп әуреге түсіп, өзін қинап қоймау да керек! Өйткені дастарханның шектен тыс толтырылуынан қонақ ыңғайсызданады.
Хадис шәрифте былай делінді:
«Қонақ үшін шектен тыс әуреге түспеңдер, қонақ бұдан ыңғайсызданады. Қонақты ренжіткен адам Аллаһты ренжіткен болады. Аллаһты ренжіткеннен Аллаһ жиренеді»
Хазірет Әли былай деген:
«Достың ең жаманы, сені әуреге салып, сені мәжбүрлейтін, сені кешірім сұрайтын істер жасауға итермелейтін адам.»