Мақала... Батыс мәдениеті.
Батыста, әйел құқығын қорғаймыз деген сылтаумен әйел құндылығына, ар-ожданына тіпті жыныстық өміріне де қол сұғады.
Францияның азаматтық кодексінде «балалар, есі дұрыс емес адамдар және әйелдердің құқықтары шектеулі» деген үкім (тармақ) болған. ХVI ғасырда Англияда әйел заты лас (кір) деп саналып, киелі кітапқа қолын тигізуге тиым салынған. Тек ХVIII ғасырда ғана әйелдердің Інжіл оқуына рұқсат етілді. Англияда 1805 жылға дейін әйел затына мұра қалдырылмаған.
Батыста ғылым діни фанатизмге қарсы бір реакция ретінде дамып, үнемі дінге қарсы дау-дамай ішінде болған. Сол сияқты батыстың қазіргі әйелдерінің ар-намыс, ұят дегенді ұмытып, ашық-шашық жүрулері, жылдар бойы өздеріне жасалған қиянат пен құрметсіздіктің нәтижесі.
Әрине исламда мұндай індет ешқашан болған емес. Дініміз еркектің қызтеке болуына немесе әйелдің еркекке ұқсап жүруіне жол ашатын әрекеттерге тиым салған. Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уасаллам «Әйелге ұқсауға тырысқан еркекке, еркекке ұқсауға тырысқан әйелге, Аллаһу та’ала лағынет етсін!» деген. Ислам ешқашан әйел затына бұзылу мен бүлік көзі деп қарамаған, керісінше исламда әйел затының алатын орны ерекше, сыйлы. Барлық діндер зина мен жезөкшелікке тиым салған. Тек қана ислам діні зина мен жезөкшелікті тудыратын себептерге де тиым салған, сол үшін де әйелдерге өзінің сұлулығын өзге еркектерге көрсетіп, ашық-шашық жүруіне рұқсат етілмейді.