Тарих... Патша баласының еркелігі
Фатих Сұлтан Мұхаммед хан Осман империясын гүлдендірген, Византия империясын жеңіп, Стамбул қаласының алғынуы секілді жарқын жеңістерімен тарихта өшпес із қалдырған, өте батыр, өте ақылды және өте керемет жетілген саясаткер патша болған. Осы Фатих Сұлтан Мұхаммед хан бала кезінде тым ерке болатын. Сабақ кезіндегі еркелігімен ұстазы Ақшәмсиддинді шаршатып жіберетін. Ұрсқан жағдайда: «Мен патшаның баласымын маған ештеңе істей алмайсың» деп қорқытатын. Ұстаз патшаға шағымдануды әдепсіздік болар деп біраз уақыт сабыр етіп жүреді. Алайда ерекелігі тым шектен шыға бастағанында, амалсыз әкесі ІІ-ші Мұрат ханның алдына кіруді ұйғарады. Патшаға келіп жағдайды айтқанында ІІ-ші Мұрат хан ұстаздың құлағына бұл жағдайдың шешімін сыбырлайды. Ұстаз таң қалады. Мұндай әрекетке бара алмайтындығын айтса да патша осы жоспарды орындау керектігін айтады. Ертеңіне кішкентай Мехмет тағы бұрынғыша еркелейді. Ұстазы доғаруын айтқанында тағы да әкеме айтам деп қорқытпақ болады. Сол сәтте ішке патша рұқсатсыз кіріп келеді. Ұстаз ашуланып патшаға ұрсып береді, бұлай жайбарақат кіруге болмайтындығын, есікті қағып рұқсат сұрап кіру керектігін айтып арқасынан дүре соғып, қуып шығады. Патша басы салбыраған күйде кешірім сұрап шығып кетеді. Бұл жағдайды бақылап отырған кіші Фатих тілі тұтылып не айтарын білмей абдырап қалады. Сеніп отырған әкесі көз алдында таяқ жеген еді. Көздері алақ жұлақ отырғанында есік қағылып патша кешірім өтініп, рұқсат сұрап ішке кіреді. Жоспар керемет түрде жүзеге асқан еді. Осы күннен бастап Фатих сұлтан еркелігін доғарып, ұстазының айтқанын екі етпейтін болған екен.
Мұнда біздің заманымыздағы баласының айтқанын екі етпейтін ата-аналарға да тиесілі ғибрат бар.