Дұға... Мал-жанды бәледен қорғайтын дұға
Имам Раббани хазреттері шәкірттерімен сапарға шыққан еді. Қараңғы ауғанда бір керуенсарайға тоқтайды. Бір кезде шәкірттерін жинап: «Бұл түні бір пәлекет болады. “Бисмиллаһилләзи ла-йадурру ма-асмиһи шәйун филәрди уәла фиссәмаи уә һуәс-сәмиулалим” дұғасын оқыңдар. Басқаларға да айтыңдар. Кім бұл дұғаны оқыса Аллаһу та’аланың рұқсатымен өзі де, мал-мүлкі де қорғалады.» дейді. Түнде өрт шығады. Бұл хабарды естімеген бөлмелердегі кісілердің заттарының барлығы жанып кетеді. Дұғаны оқығандарға ешнәрсе болмайды. (Умдәт-ул-Ислам)
Дерт, пәлекет, фитна, ауру, көз тиюі, сиқыр және залымдардың жамандығынан қорғану үшін таңертең-кешке Имам Раббани хазреттері білдіргенін ойлап осы дұғаны 3 реттен оқу керек. Хадис шәрифте былай делінген:
«"Бисмиллаһилләзи лә йадурру ма'асмиһи шәйун филәрди уәла фиссәмаи уә һуәс-сәми'ул-алим" дұғасын таңертең 3 рет оқыған адамға кешке дейін, кешке оқыған адамға таңертеңге дейін ешқандай бәле-жала келмейді.» (Ибн Мажа)
Бала тәрбиесі... Аналарға
Аналардың тым балажан болуы, алаңдай беруі, қорғаштай беруі, әр сәтте қасында болуы, әркез баланы жақтап, сөзін сөйлеуі баланы тым ерке болуына, шәлкез, пасивті болуға бейімдейді. Бұл бала үшін де, басқалар үшін де зиянды.
Баланы алғыр, не керектігін білетін, өз-өзіне сенімді, ынталы тұлға ретінде жетілдіру керек. Қатты қорғаштай беру жақсы емес, кейде сезімдерді жасыра алуды да білу қажет.