Әлем... Су асты қалашығы
«Көк бақша» деген атау берілген сфера 500 метрлік алаңды қаптамақ. Жапондық құрылыс компаниясы құрылысы 2035 жылы бітеді деп жоспарлап отырған дүниедегі алғаш су асты қалашығы жобасымен таныстырды. Сфера тәріздес бұл жоба 4 футбол алаңынан үлкен және электр, сумен жабдықтау жүйелері теңіздің 3,2 км тереңдігіне дейін қызмет бере алатындығы мәлімденді.
Бұл қалада барлық нәрсеге орын беріледі, кеңселер, үйлер және қонақ үйлер. Шамамен 500 адам өмір сүреді деп күтілуде. Су асты қалашығы адамның өмір сүруі үшін керекті барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етіледі.
Қаланың ішкі ауласы бүкіл тұрғындар тарапынан қолданылатын болады. Су асты қалашығы танытымын жасаған жапондық компания бұл жобаның мақсаты су астындағы алаңдарды да пайдалы тұрғыда игеруді бастау, өйткені уақыт өткен сайын теңіз деңгейі көтерілуде, көптеген елдер су астында қалу ықтималдығы бар деп мәлімдеді. Сондай-ақ бұл жоба туристтерді қызықтыратыны да сөзсіз.
Күлімдейік... Дөңгелек
Бірге тұратын төрт студент математикадан болатын емтиханға ұйықтап қалады. Профессорға барып көліктерінің дөңгелегі жарылып қалғандығынан емтиханға кешіккендерін айтып, төртеуі үшін қайта емтихан алуын өтінеді. Профессор келіседі. Ертеңіне төртеуін аудиторияның төрт бұрышына отырғызады. Бірінші мен екінші сұраққа 15 балдан қоятынын, ал үшінші сұраққа дұрыс жауап берсе 70 бал қоятынын айтады. Емтихандағы ең қызық және ең қиын үшінші сұрақ болатын: «Көліктің қай дөңгелегі жарылды?..»