Денсаулық... Күшті ми
Бостон Туфтс университетінің ғалымдары мидың жақсы жұмыс істетудің 7 жолын мәлімдеді:
1) Күнде 1 минут ми гимнастикасын жасау мидың күшін арттырады.
2) Құрамында ферум (темір) бар азықтармен қоректенгендердің IQ деңгейі жоғары болады.
3) Таңғы аста дәнді дақылды азықтар немесе жұмыртқа және ірімшік жеу де зеректікті арттырады.
4) Таңғы жаттығу жасайтын оқушылардың үлгерімі жақсарады. Жаттығудың салдарында миға оттегі жақсы жетіп үйрену функциясы жақсарады.
5) Сынақ алдындағы тамақ мерзімінде жақсы көретін тағамын жеген оқушылар емтихандарда жоғары нәтиже көрсетеді.
6) Құлпынай және черника антиоксиданттарға бай болатындықтан ми үшін ең жақсы азық.
7) Картоп, мандарин, алма, брокколи және тұрпта миға пайдалы фермент түрі бар.
Сұхбат... Тәубе ету
Әр күнәдан кейін дереу тәубе ету керек! Тәубе – күнә істегеннен кейін өкіну, Аллаһу та’аладан қорқу, қайталап істемеуге шешім қабылдау дегенді білдіреді. Аллаһу та’ала тәубе еткендерді жақсы көреді және тәубелерін қабыл етеді. Тіпті соңғы демде жаннат пен жаһаннамды көргеннен кейін барып тәубе ете алса да қабыл етіледі.
Соңғы демде тәубенің қабыл етілуі, тек осы үмметке ғана яғни Мұхаммед алейһиссаламның үмметіне ғана тән. Бірақ соңғы демде иман қабыл болмайды. Кейбір адамдар иман мен тәубені шатастыруда, иман қабыл болмайды деудің орнына, тәубе қабыл болмайды деген. Соңғы демде кәпірдің иманы қабыл болмаса да, күнаһар мүминнің тәубесі қабыл болады.