Untitled Document

Сұхбат... Пайғамбарлар және ғалымдар

Дінде реформа жасауды көздегендер және мазһабсыздар «Құран барда сүннеттің керегі жоқ!» деп жатады. Мұнысымен хадис шәрифтерді жоққа шығармақшы болады. Ал негізінде Құран кәрімнің көптеген жерінде «Аллаһқа және расулына мойынсұныңдар! Бағыныңдар!» деп бұйырылған. Бұған байланысты 3 аяти кәримада былай делінеді:

«Аллаһқа және Оның умми нәбиі болған Расулына иман етіңдер! Оған мойынсұныңдар сонда дұрыс жолды табасыңдар.» (Араф 158)

«Оларға айт: Аллаһқа және Расулына мойынсұныңдар! (мойынсұнбай) бетін бұрғандар (кәпір болғандар) білсін Аллаһ кәпірлерді жақсы көрмейді.» (Али Имран 32)

«Аллаһу та’алаға және Расулына мойынсұныңдар.» (Әнфал 1)

Не үшін «Тек қана Аллаһқа мойынсұныңдар» делінбеген «Аллаһқа және расулына мойынсұныңдар!» делінген? Расулуллаһтың білдіргендеріне мойынсұну, харам еткендерінен тыйылу, әмірлеріне бағыну үшін осылай делінген.

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Пайғамбардың харам етуі, Аллаһтың харам етуі деген сөз.» (Тирмизи)

Тек Аллаһу та’алаға емес, расулына да мойынсұну керектігі әмір етілген:

«Расулына мойынсұнған адам Аллаһқа мойынсұнған болады.» (Ниса 80)

Демек расулуллаһтың хадис шәрифіне мойынсұну, Аллаһқа мойынсұну деген сөз. Расулуллаһтан кейін ғалымдарға мойынсұну керек.

«Ғұламалар пайғамбардың мұрагері.» (Тирмизи)

Ғалымдардың сөздері дінде дәлел болады, өйткені олар Құран кәрімде мақталған:

«Берген бұл мысалдарды тек қана ғалым болғандар түсінеді.» (Анкебут 43)

«Білмесеңдер ғалымдардан сұраңдар.» (Нахл 43)

«Аллаһтан ең көп қорқатын ғалымдар болып табылады.» (Фатыр 28)

            Пайғамбарлардың мұрагерлеріне тіл тигізу де мұрагердің иесі болған пайғамбарға тіл тигізу деген сөз.