Untitled Document

Сұхбат... Дінімізде нәсіл бөлушілік жоқ

Ислам – қай ұлт, қандай нәсіл, қай елден болмасын барлық мұсылмандардың бір-бірінің бауыры екендігін білдіреді. Аллаһтың құзырында адами тұрғыда барлық адамдар тарақтың тістеріндей тең дәрежеде. Намазға тұрғанда шені жоғарысы да, шені кішісі де, байы да, кедейі де, ағы да, қарасы да бәрі бір қатарда тұрады және Аллаһу та’алаға бірге сәжде етеді. Дінімізде ешбір ұлттың үстемдігі жоқ. Мұсылман қара нәсілді кедей қызметші, ақ нәсілді кәпір корольдан үстем. Кәпір кароль мәңгі жаһаннамда, мұсылман қызметші болса мәңгі жаннатта болады. Ешкім ата-анасын таңдамайтыны секілді, ұлтын да таңдамайды. Бірақ ата-бабаларының қызметтері, ерліктеріне байланысты ұлтын жақсы көруі, ұлтжанды болу кінә емес.  

Құран кәрімде: «Мүминдер бір-бірінің бауырлары» делінген. (Хужурат 10)

Хадис шәрифте былай делінеді: «Раббың бір болғанындай, әкелерің, діндерің және пайғамбарларың да бір. Арабтың араб еместен, араб еместің арабтан үстемдігі болмағанындай, қызылдың қарадан, қараның қызылдан үстемдігі жоқ. Ешбір ұлттың басқаларынан үстемдігі жоқ. Үстемдік тек қана тақуалықта.» (Ибн Нәжжар)

(Тақуалық – Аллаһу та’алаға сеніп, Оның әмірлерін орындау, тыйым салғандарынан сақтану. Қысқасы харамдардан тыйылу дегенді білдіреді.)

 

Күлімдейік... Шелек

      Әпенді мен Алдаркөсе Ыстықкөл жағалауын айналып жүр екен. Алдаркөсе Әпендіден:
–  Қожеке, мына көлдің суы неше шелек шығар екен? – деп сұрапты.
Әпенді ойланбастан:
–  Осы көлдей шелек тапсаң, бір-ақ шелек шығады, – деген екен.