Untitled Document

Сұхбат... Көңіл бөлінбей жүрген (ұмытылған) парыздар.

Заманымызда немқұрайлы қаралып, орындалмай жүрген парыздардың біршамасы мыналар:

-Парыздарды және харамдарды үйрену. (Бұларды білмейтін адам үнемі күнә істейді.)

-Дұрыс сенімде болу. (Әһли сүннет сенімін үйрену)

-Аллаһтың достарын дос, дұшпандарын дұшпан деп білу.

-Намаз оқу және зекет, ұшыр беру.

-Әйелдердің орануы.

-Сәлем берген адамның сәлемін алу.

-Түшкіріп “Әлхамдулилләһ” деген адамға “Ярхамукаллаһ” деу.

-Халал табыс табу. Халалдан ішіп-жеу.

-Ризыққа Аллаһтың кепіл екеніне сену.

-Тәуәккүл және қанағат ету.

-Аллаһу та’алаға берген ниғметтері үшін шүкір ету, яғни оларды дінге сай қолдану.

-Хақ та’аладан келген қиыншылыққа, бәлеге сабыр ету, яғни қарсы шықпау.

-Күнәларға тәубе ету.

-Әке-шешеге жақсылық жасау.

-Әмри маруф жасау. (Яғни адамдарға діннің әмірлерін үйрету)

-Күнәлардан қашып, ғибадат ету.

-Әлемге ғибрат көзімен қарау.

-Тілін жаман сөздерден сақтау.

-Ешкімді мазақ етпеу.

-Харамға қарамау.

-Құлақтарды сазды аспаптардан қорғау.