Untitled Document

Өлең... Өмір гүлі (2)

Міне осындай мақсаты бар асқарды
Шетелдіктер қасқырдайын бассалды.
Енді олар ұлты бөлек басқа адам,
Жамылғанмен бәріне ортақ аспанды.


Қазағымның болашағын дап-дайын,
Ана, сонша зұлым ба едің таптайтын.
Әр баланың көкейінде бұл сұрақ
Сан ойланса бір жауабын таппайтын.

Қабақтары ашылмай мұз қатқанда,
Ана керек, үміт отын жаққанға.
Асығады таласа да, тармаса,
Бөгде әйел сырттан есік қаққанда.

Түскендей қараңғылық түнегіне, 
Қорғансыздың өмірін сүреді де.
Шер- мұңының барлығы сыйар ма екен,
Жұдырықтай ғана бір жүрегіне.

Балаларды қамқорлыққа алайық.
Бар жақсылық тек соларға лайық.
Аналардың кірлетпейік атағын,
«Өмір гүлі» солмасыншы халайық.

Байсалбай Гүлсезім