Untitled Document

Өлең... Өмір гүлі (1)

Адамдар бар ойланбай, сандалатын,
Адамдықтың жамылып жалған атын,
Көкек ана көбейіп бара жатыр
Тәлкегіне тағдырдың алданатын.

Шырылдаған дауысы баласының
Жетер ме екен бөлігіне санасының.
Ата-ананың жылуын сезбеген соң,
Ол бөбектің жазылмас жарасы мұң.

Бар бақытты анамен тең көреді,
Жолын күтіп терезеге телміреді.
Апайлары сені іздеп келеді деп, 
Қам көңілін баланың сендіреді.

«Ана мені қалай қиып тастадың,
Тамырына балта шаптың жас талдың.
Талай рет таңды көзбен атырып,
Дейді бала:«Қайғы жастық жастандым».

Мен де тұрам құрап елдің санатын,
Нұрымын мен жарық бере жанатын.
Тағдырымның қаталдығы бәрі де
Бөгет емес қайырылған қанатым.

(Жалғасы ертең...)