Untitled Document

Сұхбат... Имам Ғазалидің насихаттары

¨ Көшені жиналып отыратын орын ретінде қолданба!

¨ Дүкендерді сұхбаттасу орны ретінде таңдама!

¨ Пікір таласуда өзіңдікін дұрыс шығару үшін қыңырлық көрсетпе!

¨ Әдепсіз, тәрбиесіз және тәртіпсіз адамдармен таласып-тартыспа!

¨ Бір нәрсені немесе бір адамды мақтаған кезде асырып жіберме!

¨ Бір жиында отырғаныңда, басқа нәрселермен әуре болма!

¨ Бір жиында отырғаныңда дене мүшеңнің бір жерімен ойнама!

¨ Ел көзінде абыройыңды түсіретін сөз және әрекеттерден ұзақ бол!

¨ Әдемі сөздерге мән беріп құлақ сал!

¨ Қажеттілігінен артық мөлшерде иіссу қолданба!

¨ Бірқатар армандарыңның орындалуы үшін басыңды име!

¨ Ақшаңның толық мөлшерін бала-шағаңа білдірме!

¨ Біреумен сөз тартысқаныңда салмақтылық пен байсалдылығыңды жоғалтпа!

¨ Қатты қобалжып, бетің қызарып жүрмесін!

¨ Саған жаман мәміле көрсетілген болса да, сен лайықты мәміле көрсет.

¨ Әр уақытта қарапайым бол және жұмсақ мәміледе бол!

¨ Бай адамның бергендеріне қарсы бас июден сақ бол!

¨ Сөз берген болсаң, оны табандылықпен орындауға тырыс!

¨ Сөйлеген кезіңде тек қана дұрыс сөйле!

¨ Барлық жерде орынды сөздер айт, әдемі сөйлеуге тырыс!

¨ Деннің саулығын сезінгің келсе аз жеп-іш!

¨ Тыңдаушың бар болса ғана сөйле!

¨ Кейбір сөздерді қайта-қайта айтып, қайталап тұрма!

¨ Ешкімді алдама және ешкімді мазақ етпе! Өтіріктен тиыл!

¨ Көпшілік жерлерде түкірме!

¨ Сатқан затыңды ұнатпай, кері қайтаратын болса ал!

¨ Қатты шөлдеген болсаң, алдымен аузыңды шай, кейін су іш!

¨ Базарда жүргеніңде ешкімді ренжітпе!

¨ Ешбір затты егесінің рұқсатынсыз алма да, қолданба да!

¨ Аузыңда тағам барда сөйлемеуге тырыс!