Untitled Document

Ғибрат... Дүниеге деген махаббат

      Бахауддин Бұхари хазреттері бір сұхбаттарында былай дейді: Бір күні қағбаның жанында отырған едім. Ақсақалды қарияны көрдім. Қағбаның жамылғысынан ұстап жылап: «Йа Рабби! Йа Илаһи!» деп жалбарынып көздерінен қан жоса боп жастар ағып жатты. Көңіліне назар салғанымда дүниелік істерді ойлап жатты. Көңілінде мал-мүлкінің, ақшасының есебі жүріп жатты. Көздері жылап жатқанымен көңілі дүниелікпен әуре еді. Іші сыртына сай емес болатын. Қажылықтан кейін Минаға келдік. Мина базарында бір жас жігітті көрдім, күрделі сауда айналымын жүргізіп жатты. Құны жүзмың алтындық сауда-саттық еді. Көңіліне назар салғанымда әр сәтте Аллаһты зікір етіп жатты. Дүниелік іспен айналысып жатқандай көрінгенімен бір сәтке де Раббысын ұмытпады. Бұл халімен қағбадағы адамнан қаншама есе үстем еді. Өйткені бұл жігіт саудаға ден қойғанымен, көңіліне дүниеге деген махаббатты қоймаған еді. Үлкен мөлшерде сауда-саттық жасағанымен көңілі үнемі Исламның әмірлерін ойлап тұрды. Күнә істеп қоямын ба деген қорқыныштан көңілі жай таппай жабырқаулы еді.    

Кешегі жауап:

[ ( 6 x 6 ) - 6 ] : 6   = 5

6 + [ ( 6 - 6 ) x 6 ]  = 6

6 + [ ( 6 + 6 ) : 6 ]  = 8

[ 6 - ( 6 : 6) ] x 6    = 30

( 6 x 6 )  - 6 - 6      = 24

( 6 x 6 ) + 6 + 6     = 48

( 6 + 6 ) x 6 - 6      = 66

( 6 x 6 - 6 ) x 6      = 180