Untitled Document

Имандылық ... Бір кеңес

Еркек болсын, әйел болсын барлық адам әрбір сөзінде, әрбір ісінде Аллаһу та’аланың бұйрықтарына бағынуы тиіс. Бір парыздың орындалуына, харамнан сақтанбауға мән бермеген адамның иманы кетеді. Имансыз өлген адам қабірде азап шегеді. Ақыретте тозаққа барып, оның отына мәңгі жанады. Кешірілуіне, тозақтан шығуына ешқандай мүмкіндік жоқ.

Кәпір болу өте оңай. Әрбір істе, әрбір сөзде иманнан шығу мүмкіндігі көп. Күпірліктен құтылу да оңай. Күпірліктің себебі белгісіз болса да, күнде бір рет Аллаһтан кешірім сұраса, яғни «Астағфируллаһ» десе, міндетті түрде кешіріледі. Яғни, «Йә, Раббым! Біліп және білмей күпірлікке себеп болатын бір сөз айтқан немесе бір нәрсе істеген болсем өкіндім. Тәубе еттім, мені кешір» деп тәубе етсе, Аллаһу та’алаға шын жүрегімен жалбарынса, кешіріледі. Тозақтан құтылады. Тозақта мәңгі жанбау үшін күн сайын тәубе етіп, кешірім сұрау керек. Осы тәубеден маңызды міндет жоқ. Құл ақысы бар күнәларға тәубе еткен кезде бұл ақыларын қайтару және қалып кеткен намаздарға тәубе еткен кезде парыздарды қаза ету керек.

Зеректік жұмбағы...Есеп

Төмендегі теңдеудің сол жағындағы 6-лардың арасына +, -, х, : (қосу, алу, көбейту, бөлу) таңбаларын қойып, қажет болса жақша қолданып оң жағындағы нәтижені шығара аласыз ба? (Жауабы ертең...)

6     6     6     6 = 5

6     6     6     6 = 6

6     6     6     6 = 8

6     6     6     6 = 24

6     6     6     6 = 30

6     6     6     6 = 48

6     6     6     6 = 66

6     6     6     6 = 180