СҰХБАТ... Балалар жұмақта шапағат етеді
Балиғат жасына толмай қайтыс болған балалар ақыретте мұсылман ата-аналарына шапағат етеді. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Балаға «жұмаққа кір» делінеді. Ол ренжіп «Әкем мен анам болмаса кірмеймін» дейді.
«Балалар жұмақ есігінің алдына жиналады. Барлығы бірден айқайлап, ата-аналарын сұрайды. Айқайлары ата-аналары сол жерге барғанша және барлығы ата-анасының қолынан ұстап, жұмаққа кіргенге дейін жалғасады».
«Кішкене бала ата-анасын жұмаққа тартады. Қазір мен қалай сенің киіміңнен ұстап тартсам, бала да әкесінің киімінен солай ұстайды».
«Ей, әйелдер! Сендерден қай біріңнің үш нәрестесі қайтыс болып, өздерінен бұрын о дүниеге барса, ол балалары оған тозаққа перде болады».
- Йа, расулаллаһ! Екі баласы өлсе де перде бола ма?
- Екі баласы өлсе де, перде болады.
- Бір баласы өлсе де перде бола ма?
- Аллаһу та’аланың атымен ант етемін, егер анасы сабыр етіп, сауабын Аллаһу та’аладан күтсе, бала анасын алып жұмаққа салады.
Ғибрат... Пайғамбарымыздың нұры
Хазреті Айша анамыз айтады: Бір күні инемді жоғалтып алдым. Шам жарығымен іздеп таба алмадым. Сол сәтте пайғамбарымыз кіріп келді. Жүзінің нұрымен бөлме жарқырады. Инемді оңай тауып алдым және күлімдедім. Расулуллаһ: «Йа Айша! Неге күлдің?» деді. Болған жағдайды айтып бердім. Маған: «Қияметте де осылай болады. Ол күні мені көре алмайтындарға өте обал» деді. Мен: «Йа Расулаллаһ! Қияметте кімдер көрмейді сізді?» дегенімде «Жанында есімім аталып маған салауат айтпағандар менің жүзімді көрмейді» деді.