Untitled Document

Ислам дінін қабылдаған коммунист

Роже Гароди, француз жазушысы, философ, Франция компартиясының бұрынғы мүшесі, «Юманте» газетінің бас редакторы, коммунистік қозғалыстың көрнекті теоретигі. 1982 жылы 3 шілдеде Рамазан айының жұма күні Ислам дінін қабылдаған. Өзінің баспасөз мәжілістерінің бірінде ол былай деген:

«Иә, мен бүгін мұсылманмын! Сіздер: «Неге Исламды таңдадыңыз?» деп сұрап жатырсыздар. Мен өз таңдауым арқылы өз дәуірімнен озып кеттім».

Төменде оның Ислам дінін таңдау себебін түсіндіретін әңгімелерінен бірнеше үзінділер келтіре кетейік:

Біз, Ислам  Пайғамбарының: «Ертең өлетіндей ахыретке дайын болыңдар, ешқашан өлмейтіндей осы дүниеге дайын болыңдар» деген өсиетін әңгіме еткенімізде «Ислам дегеніміз не?» - деген сұраққа түпкілікті жауап береміз. Ислам – материалдық дүниеге де, арналған жүйе, өйткені ол екеуі бір-бірінен бөлінбейтін тұтас дүние.

Аллаһтың елшісі «Білімді Қытайдан болса да үйреніңдер» деген, өйткені ғылым мен ақыл діннің ажырамас бөлшегі.

Ислам ілімінің шет-шегі жоқ. Ислам әлемді қамтыған бұл екі дүниенің (материалдық, рухани) арасына шек қоймай, жалпы ғаламды тұтас дүние ретінде қарастырады. Мұны қалай байланыстырады? Ислам адамды Аллаһтың жаратқандарының ішіндегі ең кемелі әрі құрметтісі ретінде қарастыра отырып, Аллаһтың өзіне сыйға берген нәрселерін қалай пайдалануды үйретті. Ислам адамдарға өсім алу мен лас байлыққа малынуға, харам жолмен дүние жинауға тыйым салды, маңдай тер, табан ақымен тапқан ақшаны халал етті, жалқаулық пен адамды құлдыққа түсіруге әкелетін өсімқорлықты харам етті, байға да, кедейге де әділетті ұстануды бұйырды, сөйтіп заңсыз харам жолмен байлық жинаудың және осыдан келіп шығатын, әлеуметтік теңсіздік пен әділетсіздіктің жолын кесті.

Ислам ханға да, қараға да бірдей заң жүйесін қалыптастырды. Қылыштан да өткір бір мысал айтайын: Бірде Омар, ради Аллаһ анһу, қасына құлын ертіп бір қаладан екінші қалаға сапар шекті. Олар түйеге кезек-кезек мінді. Түйені бірде халиф, бірде құлы жетектеді. Әділет пен заңның шынайы реформасы дегеніміз – міне, осы!

Роже Гароди («Естеліктер» кітабынан)