Untitled Document

Сұхбат... Жақсы көру

Иманның негізі және ең маңызды белгісі болып табылатын алты шартынан басқа тағы бір шарты бар. Ол – «хубби филлаһ және буғди филлаһ». Яғни Аллаһу та'аланың жақсы көргендерін жақсы көру және Аллаһу та’аланың жақсы көрмегендерін жақсы көрмеу деген сөз. Өйткені хадис шәрифте «Дүниеде бір-бірін жақсы көргендер – ахыретте бірге болады» делінген. Аллаһу та'аланың сүйікті құлдарын жақсы көргендер, соңғы демінде иманмен жан тапсырады.  Және Махшар алаңында сол жақсы көргендерінің қасында тіріліп, ахырет өмірінде солармен бірге болады. Сондықтан кімді жақсы көру керектігін және де кімді жақсы көрмеу керектігін жақсылап біліп алу керек.

Егер адам ғибадаттарын орындаумен қатар Аллаһтың дұшпандарының бірін жақсы көрсе, мысалы Әбу Жаһилді жақсы көрсе, ол адам тозаққа кетеді. Демек, адам бұл дүниеде жақсы көргендеріне мән беруі тиіс. Айтылып жатқан жақсы көру мен жақсы көрмеу адамның жеке басы үшін емес, Аллаһу та'аланың разылығы үшін болуы керек. Жақсы көру және жақсы көрмеу денемен емес, көңілмен (жүрекпен) болады. Жақсы көрем деген адам, сүйіктісінің дұшпандарынан аулақ болмағанша, бұған екі жүзді, яғни өтірікші делінеді.

Аллаһу та'ала Иса алейһиссаламға былай деп бұйырды: «Егер жер мен көктегі барлық махлұқтарымның ғибадаттарын орындасаң, достарымды жақсы көрмейінше және дұшпандарымнан аулақ болмайынша ол ғибадаттарыңның пайдасы болмайды.»

Махаббат сүйіктінің достарын жақсы көруді, дұшпандарын жақсы көрмеуді талап етеді. Досыңның достары жағымды, әдемі, ал дос болмағандары көріксіз, жаман боп көрінеді. Сүйемін, жақсы көремін деген адам сүйіктісінің дұшпандарынан алыстамайынша сөзіне берік емес деген сөз.

Адамның өз басымен тура жолды табуы мүмкін емес. Бұл дүниеде бір-бірін жақсы көріп, бірге болғандар, ақыретте де бірге болады. Ақыретте  кіммен бірге болуымызды, қайда болуымызды қаласақ, мұны осы дүниеде таңдап, шешім қабылдауымыз керек.

Аллаһу та’аланы жақсы көрмейтіндерді жақсы көру, адамды Аллаһу та’аладан алыстатады. Сондықтан, кім болғанымыз емес, кіммен болғанымыз маңызды.