Untitled Document

Мақала... Жаман әдеттер

АҚШ, Еуропа және Қазақстанда жалпы бүкіл елдерде үлкен қауіп халіне келген жаман әдеттердің бастылары: 1) Араққұмарлық (маскүнемдік), 2) Нашақорлық, 3) Дәріге тәуелділік, 4) Арсыздық (жезөкшелік), 5) Жыныстық азғындық, 6) ЖИТС эпидемиясы, 7) Құмар ойындары, 8) Парақорлық, 9) Ажырасу 10) Некесіз тұрмыс, некесіз туылған сәбилер, 11) Ашушаңдық, басқыншылдық, 12) Ар-намысты қорлау, 13) Жарақаттау, 14) Алдап немесе күштеп тартып алу, 15) Ұрлық, 16) Анархия және терор. 17) Жыныстық үлгідегі, әдепке жат басылымдар, 18) Адам өлтіру, 19) Үйден қашу, 20) Имансыздық, 21) Келешекке қатысты мақсаттың жоқтығы, 22) Ысырап, 23) Ойын-сауыққа тәуелділік, 24) Бала орнына ит, мысық асырау, 25) Бала туудан қашу.

Ұлттық және рухани құндылықтардан алшақ өскен ұрпақтың, нәпістік қалауларын өрбітетін, газет, журнал, телеарна, шетел телесериалдары, жыныстық үлгідегі кинолар, басылымдар, жастардың миын улайтыны анық. Жастарды ішкі және сыртқы дұшпандардың тыңшы, бүлік шығарушы, суық соғыс,анархия, терор, бөлуші, іріткі салушы идеологиялық құрал ретінде қолданылуы қазіргі кезде баршаға белгілі жағдайға айналған ащы ақиқат. Бұлардан құтылудың жолы жастарға отанына, ұлтына, тарихына, тарихи құндылықтарына, тарихи тұлғаларына, тіліне, дініне, ұлттық және рухани құндылықтарына деген сүйіспеншілікті түсіндіру. Жоғарыда аталған оғаш қылықтардың зиянын жас кезінен бастап үйрету болып табылады.