Сұхбат... Қиыншылыққа төзу
Жақсы мінез - ешкімге қиыншылық тудырмау және басына келген қиыншылықтарына төзе алу деген сөз.
Жақсы мінезді адам баршылықта да жоқшылықта да адамдарды риза қыла алатын адам.
Жақсы мінездің ең төмен дәрежесі қиыншылықтарын білдіртпеу, жасаған игіліктерінен еш қарсылық күтпеу, барлық адамдар алдында мейірімді болу дегенді білдіреді.
Жақсы мінез - халалды іздеу мен харамнан қашу, басқа адамдарға жақсы әрекетте болғандай, жеке отбасында да игі болып қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады.
Жақсы мінезге жаратқан Аллаһты ойлау мен оның жаратқандарын қош көріп, олардан келген қиындықтарға сабыр етуді айтамыз.
Жақсы мінезділік – Аллаһу та’аладан разы болу деген сөз.
(Жақсылықпен жаманшылықты тек Аллаһтан деп білу, берген ниғметтеріне шүкіршілік етіп, қиыншылық түскенде сабыр ету - Аллаһтан разы болу дегенді білдіреді).
Бір мұсылманға қабағын түю - харам болады. Жылы жүзді болмау да мүміннің сипатына жатпайды. Сондықтан да барлығына жылы жүзді болу керек. Хадис шәрифте: «Аллаһ пен қиямет күніне иман келтірген адам, келген қонағы мен көршісіне қонақжайлылық танытсын және қайырлы сөз сөйлесін немесе үндемесін» - деп бұйырылған. (Бухари)
Басқаның жаман мінезіне шағымданған адам өзінің жаман мінезді екенін білдіреді. Ал біреудің жаман қылықтарын әңгімелеуіміз, бұл өзіміздің жаман екендігіміздің белгісі. Көркем мінез деп қиындықтарға төзе білуді айтамыз. Көркем мінездің белгілері мыналар:
Ынсапты болу, досының қатесін көрмеу, жақсы көз қараста болу, ол жайында жаман ойда болмау, айналасынан келетін қиындықтарға төзе білу, олардан шағымданушы болмау, әрқашан өзінің кемшіліктерін жоюға тырысу, өзін-өзі айыптау, жылы жүзді болып, барлығымен жақсы қарым-қатынаста болу.
Жақсы мінезді адам: аз сөйлейді, аз қателеседі, ешкімді ғайбат етпейді, Аллаһ үшін жақсы көріп, Аллаһ үшін дұшпандық етеді, аманатқа қиянат жасамайды, көршісімен айналасындағыларға қамқор болады.