Тарих... Ирландиядағы жұт
Ирландияда 1845 жылдан бастап 1851 жылға дейін жалғасқан ашаршылық, 1 миллион Ирландиялықтардың өліміне 2 миллион адамның басқа елдерге қоныс аударуына себеп болды. Ирландиялықтардың басына төнген бұл қасірет жайлы хабар алған Османлы сұлтаны Абдулмәжид хан бұл жерге 10 мың фунт көмек жіберуді ұйғарады. Бірақ ағылшын королевасы тек қана 1000 фунт жәрдем ғана өткізетінін мәлімдеді. Бұдан кейін сұлтан қаржылай көмектен бөлек тағы азық-түлік толтырылған 5 кемені жасырын түрде Ирландияға жіберді. Ұзақ сапар шегіп Дублинге жеткен кемелер портқа кіргізілмегендіктен, кемелер бағытын Дроэда қаласына бұрып, әкелген көмектерін осындағы тұрғындарға таратты. Қиын жағдайдағы жергілікті тұрғындар Османлы мемлекетінен келген бұл көмеке қатты разы болып, алғыстарын жаудырды. Қаланың футбол командасының таңбасына ай мен жұлдыз белгісі қойылды. Қаладағы қонақүйдің маңдайына Османлы еліне алғыс айтылған жазу ілінді. Османлының көмек қолын созғанынан әсерленген қаланың зиялылары хат жазып Сұлтан Абдулмәжид ханға рахметтерін айтты. Түпнұсқасы топкапы сарайында тұрған осы хаттан үзінді: «Төменде қолтаңбаларымыз қойылған біз Ирландиялық асылзадалар, бектер, мырзалар қиын қыстау заманды өткеріп жатқан Ирландия халқына жіберген жомарттық, қайырымдылық пен ілтипаттарыңыз үшін ең шексіз алғыстарымыз бен құрметімізді білдіре отырып, Ирландия халқының қиыншылығын шешу үшін жомарттық көмектеріңіз үшін рахметімізді айтамыз...»